Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шахмат Олимпиадасы қалай өтіп жатыр?

Шахмат Олимпиадасы қалай өтіп жатыр?

Спорт 13.09.2024, 15:35 2,448
Шахмат Олимпиадасы қалай өтіп жатыр?
FIDE

Будапешт қаласында 45-ші шахмат Олимпиадасы (45th FIDE Chess Olympiad) өтуде.

Бұл халықаралық турнирге әлемнің 180-нен астам елінен шахматшылар қатысуда. Олардың қатарында Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамалары да бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бірінші турда Қазақстанның әйелдер құрамасы (Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Амина Қайырбекова) Уругвай командасын 4-0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ерлер құрамасы (Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов, Рамазан Жәлмұханов және Алдияр Ансат) Суринам құрамасынан дәл осындай есеппен басым түсті.

Екінші турда Қазақстан құрамалары үшін нәтиже сәл күрделірек болды. Әйелдер құрамасы Финляндия командасымен кездесті. Ойын барысында Бибісара Асаубаева Анастасия Кейнәненмен тең түсті. Ал Алуа Нұрман Лила Бедердинге есе жіберді. Дегенмен, Ксения Балабаева мен Амина Қайырбекова жеңіске жетіп, тур нәтижесі 2½-1½ болып Қазақстанның пайдасына шешілді.

Ерлер құрамасы екінші турда Монако құрамасын 3½–½ есебімен жеңді. Денис Махнёв Амир Багеримен тең ойнаса, Әлішер Сүлейменов, Рамазан Жәлмұханов және Алдияр Ансат қарсыластарына мат қойды.

Үшінші турда Қазақстанның ерлер құрамасы Вьетнам құрамасымен, ал әйелдер құрамасы Австрия құрамасымен бақ сынайтын болады. 

Керек дерек

Шахмат Олимпиадасы – бұл шахматтың халықаралық аренадағы ең беделді жарыстарының бірі. FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) ұйымдастыратын бұл турнир алғаш рет 1927 жылы Лондонда өтті. Бүгінгі күні шахмат Олимпиадасы әр екі жыл сайын өткізіліп, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мықты шахматшылары бақ сынайды. Қазақстан құрамасы да бұл турнирде бірнеше рет сәтті өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғауда.

Шахмат Олимпиадасы тек командалық жарыс емес, сонымен қатар шахмат мәдениетін насихаттау, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және шахматтың дамуына үлес қосу мақсатындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Еске салайық бұған дейін шахматтан өтетін 45-ші Олимпиадаға ел құрамасынан кімдер баратыны жайында жазған болатынбыз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #45-ші шахмат Олимпиадасы #Бибісара Асаубаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдай: Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті бұзылды

Бүгін 10:21

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Бүгін 10:04

Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды

Бүгін 09:46

Шымкентте аялдаманы бүлдірген қыздар жауапқа тартылды

Бүгін 09:26

"Бәрін әйелім үшін істедім". Тұрсын Алагөзовтың зәулім үйі желіде қызу талқыға түсті

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика