Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шахмат адамның ой-өрісін дамытады

Шахмат адамның ой-өрісін дамытады

Спорт 05.06.2023, 08:16 1,495
Шахмат адамның ой-өрісін дамытады
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі пилоттық жобаға 30 мектеп қатысады.


Қазақстанда шахматты дамыту жоспары мен елдегі мектептерге қосымша сабақтар енгізу жөнінде ӨКҚ алаңында RAI бірінші вице-президенті, Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтып берді. 


Спикердің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап, шахматты 1-4 сынып оқушыларына қосымша пән ретінде енгізу тәжірибесінің аясында 30 мектепті қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«ҚШФ Мемлекет басшысының және біздің бас демеушіміздің қолдауымен елде шахматты жүйелі түрде дамытып келеді. Бүгінде бізде шахматты одан ары дамыту үшін барлық мүмкіндік бар. Өздеріңіз білетіндей, біздің әйелдер құрамасы әлемдегі үздік шахматшылар болып саналады. Сәуір айында біз әлем құрамасымен матч өткіздік. Біздің балалар мен жасөспірімдер құрамасы да әлемде үздіктердің қатарында және осы бағытта біз  ерлер құрамасын қалыптастырып, таланттарды іріктеу жұмыстарын күшейтеміз», - деді Д.Сәдуақасов. 



Спикердің сөзіне қарағанда, Федерация Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп әдістемелік жұмыс жүргізген. Сондай-ақ, оған халықаралық сарапшылар тартылып, осыған ұқсас жоба енгізілген Испанияның кейсі зерттелді. 



«Біз үшін бұл өте маңызды бағыт, бұл - балаларға сапалы шахмат білімін беру мүмкіндігі. Біздің мақсатымыз – еліміздегі әрбір бала, бастауыш сынып оқушылары, мейлі ауыл, мейлі қала мектебі болсын, өз таңдауы бойынша шахматпен айналыса алса деген ой. Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, ол логиканы, еске сақтау қабілетін, сыни ойлауды, назарды шоғырландыруды дамытуға үлкен импульс береді. Қазақстанда біз осы сипаттағы ғылыми жұмысты 12 мектеп негізінде жүргіздік», - деп бөлісті ол. 



Сонымен қатар, шахмат үйрететін оқытушыларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыру жұмыстары да жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #пилоттық жоба #үйірмелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда енді криоабляция қолжетімді болмақ

Бүгін 09:34

Ақтөбеде "Экогаз" газ құю бекеті жарылды

Бүгін 09:19

Қазақстан СІМ ирандықтарға көңіл айтты

Бүгін 09:04

Алматыда тұрғындарды референдумға үндейтін ерекше анимациялық видео жасалды

Бүгін 08:58

Ірі өнеркәсіп кәсіпорындары жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі