AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шағынауданның шағымдары тыңдалды

Шағынауданның шағымдары тыңдалды

Әлеумет 24.01.2023, 05:28 1,039
Шағынауданның шағымдары тыңдалды
almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров «Нұршашқан» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.


Аудан тұрғындары электрмен қамту, жарықтандыру, жол құрылысы, қоғамдық көлік сынды өзекті мәселелердің шешімін сұрады.


Түрксіб ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда электр қуатын тұрақтандыру мақсатында «Тұздыбастау» қосалқы стансасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, электр желілерін қайта жаңғырту, 465 жаңа тірек, 8 трансформаторлық және 1 таратушы қосалқы станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жобаға сәйкес жалпы жұмыстың 10 пайызы орындалған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жылыту маусымына байланысты тоқтатылған.


Аудан әкімі аталған жобаны жүзеге асыру шағын ауданды электрмен қамту сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін және осы жылы электрмен жабдықтау жобалары бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар, ол қазіргі таңда шағынаудан 97 пайызға жарықтандырылғанын және қалған үш көшені жарықтандыру жұмыстары сәуір айының соңына дейін аяқталатынын хабарлады.



Кездесу барысында апаттық жағдайлардың салдарымен күресі үшін қандай жұмыс атқарылып жатқаны да айтылды. Аудан басшысының хабарлауынша, Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мердігерлік ұйымы «Нұрай строй» су желілерінде анықталған апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Төтенше жағдай аясында Тбилисская көшесіндегі кәріз коллекторын қалпына келтіру жұмыстары басталып, аяқталу мерзімі 2023 жылдың мамыр айына жоспарланған. Аталған жұмыс «Нұршашқан» шағынауданын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Айта кеткен жөн, инженерлік желілерді тарту жобасында 13 абонент (Мейірім көшесі) қамтылмаған. Сондықтан аудан әкімдігі Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына қамтылмай қалған аумақтарды жобалауға өтінім берді.


Сондай-ақ, Түрксіб ауданының әкімдігі Бердіқожа көшесінде жол құрылысын жүргізу үшін Жер қатынастары басқармасына жерді сатып алу бойынша сұраныс жіберген.


Айта кетерлігі, шағынауданда Жақұт көшесі бойында саябақ пен балалар алаңын абаттандыру мәселесі қарастырылуда. Жобаны іске асыру үшін «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына жер телімдерін сатып алуға тағы бір сұраныс жіберген.


Аудан әкімінің халықпен кездесуі барысында өткен жылдың желтоқсан айында құрылысы басталған 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның 2023 жылдың маусым айында қолданысқа берілетіні жоспарланып отырғаны айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #нұршашқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика