Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шағын мектептердің әлеуетін дамытуға арналған жоба...

Шағын мектептердің әлеуетін дамытуға арналған жоба кеңейтіледі

Әлеумет 05.12.2024, 11:40 1,078
Шағын мектептердің әлеуетін дамытуға арналған жоба кеңейтіледі
Сурет: 180.alschool.kz
 

Білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – Үкімет «Қазақстан халқына" Қорының қайырымдылық жобасын ұлғайтуды қолдады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 3 желтоқсандағы Үкімет отырысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасын масштабтауды тапсырды.
Премьер-министр қалалық және ауылдық білім беру арасындағы білім беру деңгейіндегі алшақтықты қысқарту Үкіметтің маңызды тапсырмаларының қатарында қалып отырғанына ерекше көңіл бөлді, сондай-ақ Ақтөбе өңірінде шағын жинақты мектептерді дамыту жөніндегі кешенді жобаны іске асыруда «Қазақстан халқына» ҚҚ маңызды рөлін атап өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақтөбе облысында өңір әкімдігімен, «Қазақстан халқына» ҚҚ, «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және басқада серіктестермен бірлесіп, пилоттық режимде «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы қалай сәтті іске асырылғаны туралы айтып берді. Жобаға 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог контингенті бар 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп (ШЖМ) жұмылдырылды.

«Қазақстан халқына» ҚҚ барлығы 134 ШЖМ-ні заманауи жабдықтармен, соның ішінде онлайн-оқыту және ғылыми қызметке арналған кабинеттермен жарақтандыруға 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Қазақстанда барлық мектептердің 70 пайыздан астамы (5 245) ауылдық жерлерде орналасқан, оның жартысы шағын жинақты мектеп санатына жатады (2 564 мектеп). Шағын жинақты мектептердегі білім сапасына білікті мамандардың жетіспеушілігі, ескірген материалдық-техникалық база сияқты факторлар әсер етеді.

«Қор құрылған сәттен бастап біздің команда білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларды қолдауға ерекше мән береді. Уәкілетті органдармен жағдайды бірлесіп зерделеу, серіктес қорларымызбен талқылау «Қазақстан халқына» қоры шешуге қатыса алатын өзекті мәселелердің бірі ауылда білім беруді дамыту болып табылатынын көрсетті. Сондықтан біздің флагмандық қайырымдылық жобамыз «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, өңірлік әкімдіктерімен және басқа серіктестермен іске асырылған «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» елдік бастамасы болды. 2022 жылдан бастап екі кезеңде Қор Қазақстанның 17 өңірінде 135 тірек мектепті жарақтандыруға 33.5 млрд теңге жұмсады. Келесі жылы біз тағы 56 мектепті қамти отырып, жобаны аяқтаймыз», - деп атап өтті «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

«Ақтөбе облысының шағын жинақталған ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасының табиғи жалғасы болды», - деп қосты ол.

Болат Жәмішев сондай-ақ Қор осындай мектептер саны ең көп 3 облыста, атап айтқанда Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жобаны енгізуді қолдауға дайын екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Білім министрлігіне және облыс әкімдеріне Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша табысты тәжірибесін масштабтауға кірісуді тапсырды.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз ведомствосының нормативтік-құқықтық және әдіснамалық сүйемелдеуді қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетуге толық дайын екенін атап өтті. Уәкілетті орган қамтылған өңірлер мен мектептер санының біртіндеп ұлғайтып, сол арқылы 2025 жылғы қыркүйекте 17 өңірде 443 тірек мектеп және 1824 ШЖМ-ге дейін қол жеткізумен жобаны ұлғайтаудың үш кезеңін бекітті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #ауыл #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі