AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Шағымға жеткізбеңіздер»: Алматы әкімі коммуналдық...

«Шағымға жеткізбеңіздер»: Алматы әкімі коммуналдық кемшіліктерді дер кезінде жоюды талап етті

Барлығы 28.07.2025, 13:04 623
«Шағымға жеткізбеңіздер»: Алматы әкімі коммуналдық кемшіліктерді дер кезінде жоюды талап етті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Медеу ауданының әкімдігімен кездесу өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды.

Ауданда инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бірқатар жоба қолға алынған. Атап айтқанда, «Атырау», «Таулы Қырат», «Алатау», «Каменск үстірті» және өзге де шағынаудандарда су құбыры мен кәріз жүйелері салынып жатыр. Жылу тарату желілерін жаңғырту, көше жарығы жүйесін жаңалау және электрмен қамту кабель желілері ауыстырылуда.  

Алматы әкімі барлық инженерлік жобаны жобалау мен жүзеге асыру жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтті. Шаһар басшысы инженерлік желілердің тозу деңгейіне ерекше назар аударып, жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Аулалардың ішкі инженерлік желілері де кешенді түрде жаңартылуға тиіс. АлЖЖ мекемесіне барлық қазу жұмысын күзге дейін аяқтау міндеттелді.

«Ертең тұрғындар ешқандай қолайсыздық көрмеуі керек», – деді Дархан Сатыбалды.

Кездесу барысында ауданның санитарлық жағдайы да қалыс қалмады. Тұрмыстық қалдықты уақытылы шығармау, рұқсатсыз сауда орындарының пайда болуы, шағын сәулет пішіндерінің бүлінуі мен жол жабынының зақымдануы секілді мәселелер анықталған. Қала әкімі тазалық пен тәртіпті бақылауды күшейтіп, механикаландырылған тазалау жұмыстарын жандандыруды, қураған ағаштарды кесіп-тазалауды аяқтауды, сынған кеспе тас пен жарықтандыруды қалпына келтіруді тапсырды.

«Бұған дейін де айтқанмын, әр ауданда таңнан кешке дейін аумақтың жай-күйін бақылап отыратын мобильді топ құру керек. Мәселен, әл-Фараби даңғылының кей жерінде автоматты суару жүйесі көгалды емес, жолды суарып жатыр. Ең бастысы, біз қаржы бөлдік, мердігер бар. Алайда кейбір ауданда әлі күнге дейін мердігер ұйымдарды анықтауға байқау өткізілмегені анықталды», – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкіміне берілген есеп бойынша жыл соңына дейін ондаған аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылмақ. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардың бастамалары қолға алынған. «Терренкур» демалыс аймағын абаттандыру мен жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын.

Кездесу барысында ауданның жер бедерінің ерекшелігі және соған байланысты туындайтын қауіп-қатерлер мәселесі де көтерілді.

«Медеу – географиялық тұрғыдан ең күрделі аудандардың бірі. Мұндағы шағынаудандар тау бөктерінде орналасқан, аумақ сел жүру және өрт шығу қаупі жоғары аймаққа жатады. Бұл сіздердің жұмыстарыңыздың өзіндік ерекшелігін айқындайды. Мұнда өндірістік нысандар ашуды талап етпейміз. Басты міндет – тұрғындарға жайлы жағдай жасау: көгалдандыруды күшейту, тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету», – деді Дархан Сатыбалды.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі жылыту маусымына уақытылы дайындықты қамтамасыз етуді, сел жүру қаупі бар тау бөктерлеріндегі өрттің алдын алу шараларын толық аяқтауды, заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстарын күшейтуді және тұрғындардың өтінішін цифрлық платформа арқылы жедел қарауды тапсырды.

Сол күні Дархан Сатыбалды Медеу ауданының тұрғындарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді тыңдады. Тұрғындар су жүйесі, жеке секторды жарықтандыру, аулалардың санитарлық жай-күйі, мектеп қасбетін жөндеу және аулаларды көріктендіру жайын қозғады. Сонымен қатар жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйесін орнату, тротуарларды қалпына келтіру, әлеуметтік қолдау көрсету туралы ұсыныстар да айтылды. Әрбір өтінішке қатысты жауапты қызметтерге нақты тапсырма берілді. Барлық мәселе жіті бақылауға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #әкім тапсырмасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика