AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Серік Күдебаевқа қатысты іс сотқа жіберілді

Серік Күдебаевқа қатысты іс сотқа жіберілді

Әлеумет 05.01.2023, 11:58 984
Серік Күдебаевқа қатысты іс сотқа жіберілді
Сурет: Inform.kz

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев сотқа тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады.



«Қазіргі таңда сот С.Күдебаевтың ісін қарап жатыр. Процесс Талдықорған қалалық сотында өтіп жатыр», - деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.



Оның айтуынша, бастапқыда сот жабық есік жағдайында өтуі тиіс болған, кейін «ашылды».


Еске салайық, Серік Күдебаев Алматы полиция департаментін 7 жыл басқарған. 2020 жылы Алматы облысы полициясының басшысы болып тағайындалды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ол қызметінен босатылды.


Бүгін Мәжілісте қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм көрсетілді. Кадрларда сол кезде Алматы облысының полиция басшысы қызметін атқарған Серік Күдебаевтың өзі күзетуі тиіс департамент ғимаратынан қарулы күзетшілермен қалай шығып кеткені көрсетілген.



«Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар облыстарда ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен ішкі істер департаменттерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орындарынан кетуге бұйрық берді. Мысалы, мына кадрлардан Алматы қаласы ІІД бұрынғы бастығының қалай әрекет еткенін көруге болады. Сол кезде комендант болған Серік Күдебаев полиция ғимаратынан шығып кетеді», - делінген видеоның сипаттамасында.



Мамыр айында Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысы барын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша жүргізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #сот #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);