AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табыст...

Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды

Спорт Бүгін 14:14 39
Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды
Дзюдо федерациясы

Салтанатты рәсім Бакуде өтіп жатқан биылғы әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын қабылдады.

Алдымен Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнур Мамедли жарыстың туын Халықаралық дзюдо федерациясына тапсырды. Кейін федерацияның бас хатшысы Лиза Аллан туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке табыстады.

Келесі әлем чемпионаты 2027 жылғы 7–14 маусым аралығында Астанада өтеді. Бұл жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің маңызды бөлігі болмақ. Спортшылар Олимпиадаға қажетті рейтингтік ұпайлар үшін күреседі.

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, чемпионатқа дайындық кезінде жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға және ұлттық құраманың дайындығына басымдық беріледі.

Жанкүйерлер алдында, өз елімізде белдесу спортшыларымыз үшін маңызды сынақ болады. Сондықтан олардың жаттығуына, халықаралық жарыстарға қатысуына және ел намысын абыроймен қорғауына қажетті жағдай жасауға көңіл бөлеміз. Алдағы чемпионат Қазақстанда дзюдоның дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», – деді Қуанышбек Есекеев.

Осылайша, дзюдодан әлем чемпионаты 12 жылдан кейін Қазақстанға қайта оралады. Бұған дейін Астана 2015 жылы әлем біріншілігін қабылдаған. Ал 2023–2026 жылдары Қазақстан халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тұрақты түрде өткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халықаралық дзюдо федерациясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Яндекс Go сервисінен ақау шықты

Бүгін 12:20

Бүгін елімізде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі

Бүгін 12:06

Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 10:02

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Кеше 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Кеше 16:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);