Сенбіліктен әдетке: Алматыда экоқозғалыс қалай дамып келеді?

Сенбіліктен әдетке: Алматыда экоқозғалыс қалай дамып келеді? Алматы әкімдігі

Алматыда 2025 жылы экологиялық саясат едәуір күшейтіп, оны жаппай, заманауи және жастарға бағдарланған жобаға айналдырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалада санитарлық жағдайды жақсартуға да, тұрақты экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар іске асырылды.

Бір реттік тазалауды қала тұрғындары ұзақ мерзімге айналдырып, тұрақты әдетті дамытуға баса назар аударылды. Жыл ішінде 65 мыңнан астам адам қатысқан 300-ден астам іс-шара өткізілді. Сенбіліктер мен рейдтер барысында 120 гектардан астам аумақ тазартылып, 200 тоннадан астам қоқыс жиналды. Бұл ретте, экологиялық ағартуға, цифрлық құралдарға және қалалық қауымдастықтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Негізгі жоба қаланың барлық ауданында өткен «EcoQala Fest» көшпелі фестивалі болды. Оның форматы интерактивті әрекеттерді, визуалды шешімдерді және экомаскоттардың жұмысын біріктірді. Аумақ тазалауды қалдық сұрыптау бойынша түсіндіру жұмыстарымен ұштастырған «Экорейнджерлер» маңызды рөл атқарды. #ТазаЅпар, #EcoSortChallenge және #EcoStyleDay онлайн-челлендждеріне 7 мыңнан астам адам қатысқан.

Қалада жаңа коммуникациялық форматтар белсенді енгізілді. «Jastar Talk» лайв-подкасттары мен «ЕсоБақылау» рейдтері 5 мыңнан астам адамды қамтыды. Бір жыл ішінде 800-ден астам санитарлық бұзушылық және 45 рұқсат етілмеген полигон анықталды, 25 ірі сенбілік және ондаған тақырыптық акция өткізілді. ЖОО базасында абаттандыру мониторингі бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Жастарға ерекше көңіл бөлінді.

Плоггингтер, ашық аспан астындағы фильмдер көрсетілімдері, экологтармен кездесулер, форсайт-сессиялар және «Жасыл Кампус» speaking club-қа 2 мыңнан астам қатысушы қатысқан. «Plastic Hunt», «plastic-FREE Week», «Қалдыққа екінші өмір сыйла» акциялары және ақпараттандырудан тәжірибелік іс-әрекетке көшуге бағытталған басқа да бастамалар іске асырылды. «Жасыл Ел» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосты: 2100-ден астам адам өзенді, таулы аумақтар мен ауланы тазартып, жүздеген заң бұзушылық пен 40-қа жуық заңсыз полигонды анықтады. Жыл қорытындысы бойынша Алматы бағдарламаны іске асыру жөнінде үздік өңір болып танылды.

Жастар күні аясында «ECO VIBE» сияқты ауқымды акциялар мыңдаған қатысушының басын қосты. Қаланың жоғары оқу орындарында қайта шикізат жинау жұмыстары жалғасуда, қайта өңдеуден түскен қаражат қайырымдылыққа жіберіледі. #ЭкоСана онлайн науқаны тұрғындардың тұрақты іс-әрекетін көрсететін 1700-ден астам материалдарды біріктірді.

Орталық көшелерде 14 мың пластикалық қақпақтан жасалған «EcoBench» арт-нысаны орнатылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматының экологиялық күн тәртібі сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Қала жүйелі басқаруды, жастар бастамаларын, еріктілік пен шығармашыл форматты біріктіре отырып, экологиялық мәдениеттің тұрақты моделін қалыптастырады, бұл 2026 жылы одан әрі дамуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:03

17:59

17:48

17:21

17:05

16:50

16:38

16:26

16:10

15:57

15:48

15:35

15:23

15:14

15:07

14:55

14:45

14:29

14:12

14:09

14:05

12:26

12:22

12:15

12:10