AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Сенбі күні қалалық онкологиялық орталықта ашық есі...

Сенбі күні қалалық онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

Медицина 07.10.2022, 11:59 2,169
Сенбі күні қалалық онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді
almaty-akshamy.kz

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні аясында Алматы Онкологиялық орталығы 2022 жылдың 1 қазанынан бастап және әр сенбі сайын (1,8,15,22,29) сүт безі обырын ерте анықтау үшін Ашық есік күндерін өткізеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Осы жағдайға байланысты Онкологиялық орталық барлық әйелдерді арнайы маманның тексеруінен өтуге шақырады.


Онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Наила Ақжолованың айтуынша, әлемде сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып саналады.


Стресстік жағдайлар, дұрыс тамақтанбау, жаман әдеттер, тұқым қуалайтын бейімділік қатерлі ісік қаупін арттырады. Дәрігер сүт безі қатерлі ісігінің таралуын әйелдердің өмір салты өзгергендігімен, атап айтқанда, бала туудың төмендеуімен, ана сүтімен емізу жиілігінің төмендеуімен байланыстырады.



«Қатерлі ісік ауруының даму қаупін экология, гормоналды факторлар, стресстік жағдайлар, иондаушы сәулелену, зиянды тамақтану, алкогольді тұтыну сияқты факторлар арттырады», – деп түсіндірді маман.



Статистикаға сәйкес, жыл сайын қалада сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын 700-ге жуық әйел анықталады, яғни, қалада күн сайын 2-ші әйел осы патологиямен ауырады.



Қатерлі ісікті ерте анықтау үшін төмендегі жағдайларды ескерген жөн:


-  сүт безіне тұрақты түрде тексерілу;


-  емханадан жылына маммологтан профилактикалық тексеру;


- 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге 2 жылда 1 рет маммографиядан өту.


Ерте қатерлі ісік диагнозын анықтау арқылы ауруды толық емдеуге мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз!


Уақтылы басталған емдеу – сіздің сұлулығыңызды, денсаулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтаудың кепілі!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #онкология #ашықесік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);