конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Сенаттың соңғы отырысы: Топырақ қорғау туралы заң...

Сенаттың соңғы отырысы: Топырақ қорғау туралы заң мақұлданды

Ресми бөлім Бүгін 16:25 38 yakiya
 Сенаттың соңғы отырысы: Топырақ қорғау туралы заң мақұлданды
senate.parlam.kz

Топырақты кешенді қорғауға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған заң мақұлданды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Депутат Зәкіржан Кузиев бастамашы болған «Топырақты қорғау туралы» заң және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, бүгін мақұлданды. Осыған орай ҚР Сенатының соңғы отырысында Зәкіржан Кузиев баяндама жасады.

“Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарыбастамашылық еткен «Топырақты қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын ұсынамыз.

Аталған заңдар топырақты қорғау саласында жүйелі мемлекеттік саясаттықалыптастыруға, оны тиімді пайдалануға, құнарлылығын сақтауға және тозуданқорғауға бағытталған.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында түбегейлі өзгерістер қажет болып отыр. Топырақ қайта қалпына келмейтін ресурс және Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің негізі”,– деді сенатор Кузиев.

Топырақтың жағдайына агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығы, ауылдық аумақтардың дамуы және азаматтарымыздың әл-ауқаты тікелей байланысты.

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, климаттың өзгеруі мен адам әрекетінің салдарынан еліміздің көптеген өңірлерінде жердің деградациясы күшейіп, жердің шөлге айналу қатері артып отыр, дейді осы заңға бастамашы болған депутаттар.

“Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, зерттелген 53,5 миллион гектар жердің 2,7 миллион гектары деградацияға ұшыраған. Бұл көрсеткіштер мәселенің тек экологиялық сипатта ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздігінің негіздеріне әсер ететін жүйелі қауіп екенін көрсетеді”,– деді Сенат мінберінде сөйлеген Зәкіржан Кузиев.

 Бұл жай ғана кезекті заңды қабылдау туралы емес. Бұл - еліміздің болашағы мен келер ұрпақтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер ететін стратегиялық ресурсты сақтау мәселесі. Жоғарыда айтылған барлық нормалар жұмыс тобының, комитеттің және комитеттің кеңейтілген отырыстарында барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқыланды. Заңдар бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ, деді депутат.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитеті «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын мақұлдауды және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын бірінші оқылым да мақұлдауды ұсынады, деді Кузиев.

Сенаторлар аталған заңды мақұлдады. Ол енді ел президентінің қарауына жіберілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#топырақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қуықасты безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:48

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы өтті

Бүгін 17:25

Алматыдағы «Барыс-4» базарында мыңнан астам сауда заңнамасын бұзу дерегі анықталды

Бүгін 17:15

ALMATY MOVE: Алматы тұрғындары үшін жаз бойы йога, кешкі жүгіру және отбасылық фестивальдер ұйымдастырылады

Бүгін 16:20

Мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Бүгін 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);