AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Сенат кәсіпкерлік саласындағы жаңа реттеушілік сая...

Сенат кәсіпкерлік саласындағы жаңа реттеушілік саясат туралы заң жобасын мақұлдады

Нарық 23.12.2021, 08:16 2,021
Сенат кәсіпкерлік саласындағы жаңа реттеушілік саясат туралы заң жобасын мақұлдады
Сурет: Gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.


Сенат депутаттары аталған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді, «1 in 2 out» қағидатын енгізуді, міндетті талаптар тізілімін, бизнес есептілігін автоматтандыруды және мемлекеттік бақылауды жетілдіруді көздейді», - деді Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.



Ұлттық экономика министрлігінің басшысы атап өткендей, бизнеске қойылатын артық және тиімсіз талаптардың өсуін болдырмау үшін талаптарды белгілеу шарттары заңнамалық түрде айқындалады. «1 in 2 out» қағидатын енгізу мемлекет жаңа талапты енгізген кезде құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі талаптың күші жойылатынын болжайды.


 Бұдан басқа, нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) мен өзге де құжаттар түрінде бизнеске арналған барлық талаптардың тізбесін қамтитын бірыңғай ақпараттық ресурс болатын міндетті талаптар тізілімі жасалады. Тізілімде НҚА-ның жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін қарау мерзімдері айқындалады. Сәйкес келмеген жағдайда құқықтық актілер қайта қаралады немесе жойылады.


Ә.Ерғалиевтің айтуынша, автоматтандырылу енгізілмеген және қамтамасыз етілмеген есептілікті ұсынуды талап етуге тыйым салу заң жүзінде бекітіледі. Нәтижесінде, егер мемлекеттік орган есептілікті баламалы түрде – электрондық түрде беру мүмкіндігін жасамаған болса, онда оны қағаз түрінде беруді де талап ете алмайды.


Заң жобасында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау енгізілген. Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысаны тексеруден профилактикалық іс-шараларға көшуді көздейді.


Жобада сондай-ақ ішкі істер органдарын халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруге байланысты функцияларын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне; қылмыстық-атқару мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Денсаулық сақтау министрлігіне; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдарға беру арқылы бейінді емес функциялардан босату көзделеді.



«Кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі азайтуға мүмкіндік, жаңа экономикалық шындық жағдайында іскерлік белсенділікті іске асыруға серпін береді», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #Кәсіпкерлік #заң #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);