AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сенат жетекшісі: 2023 жылдағы сайлаудан кейін Үкім...

Сенат жетекшісі: 2023 жылдағы сайлаудан кейін Үкімет құрамы өзгеруі мүмкін

Саясат 15.12.2022, 08:42 1,686
Сенат жетекшісі: 2023 жылдағы сайлаудан кейін Үкімет құрамы өзгеруі мүмкін
Сурет: Egemen.kz

Жаңа Министрлер кабинеті жасақталады.


Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының келесі жылы ауқымды кадрлық өзгеріс болатыны туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айта кетейік, 12 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасалатынын айтты.


Осы орайда М. Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әлеуметтік, инфрақұрылым мәселелері, экономикалық өсім, кәсіпкерлікті қолдау және басқа да салалар бойынша тапсырмалар бергенін еске салды. Бұл тұрғыда Үкімет барлық тапсырмаларды орындауға, елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды одан әрі жүзеге асыруға, сондай-ақ Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасын орындауға назар аударуы керек.



«Сондықтан атқаратын қызметіне кім лайық екенін немесе кім жұмысын орындай алады деген баға беруім орынсыз болар. Бағалау және шешім қабылдау – Мемлекет басшысының құзыреті. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында түйткілді мәселелерді де атап өтті. Бұдан әрі Мемлекет басшысы жұмысын тиісті деңгейде атқара алатындарды бағалап, тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.



Сонымен қатар ол 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжілісті сайлау жоспарланып отырғанын айтты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл сайлау өткеннен кейін, Үкімет отставкаға кетіп, жаңа Министрлер кабинеті жасақталады.



«Бұл тұрғыда Парламентте нақты министрлер мен Үкімет мүшелері лауазымдарына үміткерлер талқыланады. Осы орайда кімнің қалып, кімнің жұмысын жалғастыратыны олардың тиімділігіне, атқаратын жұмыстарына байланысты болады. Мемлекет басшысы тиісті бағасын береді деп ойлаймын. Мәжіліс сайлауынан кейін тиісті өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ бұл өзгерістер Мемлекет басшысының құзыретіне жатады», - деді Сенат төрағасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #парламент #Сенат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);