AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құ...

Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Әлеумет 09.05.2025, 15:19 574
Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады
сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

9 мамырда Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Руслан Омаров соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды.

Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге ризашылығын білдірген Берік Уәли оларға мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.

Майдангерлерге мерейтойлық медальдар, бес миллион теңгенің сертификаты және облыс әкімдігінен арнайы сыйлығы табыс етілді.

– Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің бәріне ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінгі бейбіт күніміз үшін сіздерге мың алғыс, – деді Берік Уәли.

Қорғаныс министрі атынан ардагерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Руслан Омаров табыстады.

Ал Ұлттық ұлан 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындады.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген. Жиырма жасында өз еркімен майданға аттанды. Ол Сталинград, 1-ші Украина, 1-ші Беларусь және 3-ші Балтық майдандарында шайқасты. Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Иван Шевцов 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Еуропа елдерін азат етуге қатысты. II дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңіс #семей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика