Сейсенбі күні Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 9-14 метрге жетеді. Кей уақытта екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +28…+30 градус болады.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +19…+21, күндіз +30…+32 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте де күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.