AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Себеп-сіз". Желідегі жазба қалай қуаныш сыйлайтын...

"Себеп-сіз". Желідегі жазба қалай қуаныш сыйлайтын трендке айналды?

Барлығы 16.09.2025, 12:05 1,879
"Себеп-сіз". Желідегі жазба қалай қуаныш сыйлайтын трендке айналды?
Жасанды интеллект

Жақында журналист Аян Қалмұрат гүл дүкенінің атауына ерекше ұсыныс тастап, Threads желісінде жариялаған еді. Әлеуметтік желі қолданушыларына бұл ой ұнап, жазба лезде тарап кетті. Aqshamnews.kz тілшісі трендке айналған идея авторымен сұхбаттасты.

Аян Қалмұраттың айтуынша, ол жиі қиялдап, ойға келген дүниені достарына айтып жүреді. "Себеп-сіз" де аяқ асты туған шабыт.

"Себепсіз" деген ой гүл дүкені қасынан өтіп бара жатқанда сап ете қалды. Соны Threads-ке жаза салғанмын", – дейді ол.

Идея авторының реакциясы қандай болды?

Жазба 2 апта ішінде 300 мың қаралым, 18 мыңға жуық лайк жинаған.

"Мә күшті дедім. Трендке айналатынын білмедім. Кейін достарым, таныстарым жібере бастағанда байқадым. Күшті-күшті дедім", – деді Аян.

Енді идея халықтікі

Жақында Қосшыдан бір кәсіпкер Аянға хабарласып, "гүл дүкенін ашқалы жатырмыз, "Себеп-сіз" атауын қолдансақ бола ма?" деп сұраған.

"Әрине деп, қуана келістім. Шын жүректен табысты болуын тілеймін", – дейді ол.

Автор идеяны сатпағанын және ел арасында себепсіз қуаныш сыйлайтын трендке айналғанына риза екенін жеткізді.

"Күн сайын желіде мыңдаған адам түрлі идея ұсынып, ойын ортаға салып жатады. Қызық аудиолар мен оралымдар трендке, мемге айналады. Себепсіз де соның бір көрінісі. Ешкім мынаны мен бастап едім деп бұлдай алмайды. Енді идея аудиторияға тиесілі", – дейді журналист.

Бүгінде бұл тренд көп қыздың жүрегін жаулады. Жігіттер сүйіктілеріне себепсіз гүл сыйлап, хатқа "себеп - сіз" деп жазып, жолдап жатыр.

Ал Аян Қалмұраттың айтуынша, "себеп-сіз" – енді көпшілікке ортақ идея.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#гүл #тренд #себепсіз #TikTok
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);