Сәулет жарықтандыру: Бостандық ауданы кешкі уақытта самаладай жарқырай түсті

  • 14:28, 07 қазан 2025
Сәулет жарықтандыру: Бостандық ауданы кешкі уақытта самаладай жарқырай түсті Алматы әкімдігі

Бостандық ауданында эстетикалық тұрғыдан тартымды қала ортасын қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сол игі істің бір бағыты — ғимараттар мен нысандарға сәулеттік жарықтандыру орнату.

«Кешкі уақытта аудан бұрынғыдан да жарқырап, жайлы бола түсті. Көшелер жарық, әдемі. Серуендей бергің келеді. Бостандық ауданы әкімінің аппаратына алғыс айтамыз!» — дейді аудан тұрғыны әрі белсендісі Г. Сүлейменова.

Кейінгі уақытта жарық орнату жұмыстары мына мекенжайларда аяқталды:

▫ Орбита-2 шағынауданы — №10, 11, 12, 17 және 17а үйлер.
▫ Байтұрсынов көшесі, 191.
▫ Назарбаев даңғылы — №229, 223 (2а блогы), 2Б, 36, 46, 193.
▫ Әл-Фараби даңғылы — №125, 127, 129, 131, 133, 135.
▫ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғимараттары.
▫ «Атакент» аркасы.
▫ Бәйсейітова көшесі, 42.

Қазір шам орнату жұмыстары келесі нысандарда жүргізіліп жатыр:

▪ «Сұңқар» трамплині.
▪ Әл-Фараби даңғылы — №45, 95, 97.
▪ Балуан Шолақ атындағы спорт кешені.
▪ Бәйсейітова көшесі — №42 және 49.
▪ Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы телемұнара.

Энергия үнемдейтін шамдар мен ұзақ уақыт пайдалануға болатын жабдықтарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жұмыс барлық техникалық норма мен стандартқа сәйкес кезең-кезеңімен істеліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:05

11:33

11:01

10:33

10:03

09:28

09:05

20:31

19:46

19:44

17:59

17:36

17:27

17:14

16:56

16:33

16:21

16:17

16:12

16:06

15:58

15:47

15:39

15:31

15:24