конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Сәтбаев университеті ENAEE халықаралық Ассамблеясы...

Сәтбаев университеті ENAEE халықаралық Ассамблеясының орталығына айналды

Білім және ғылым 25.11.2024, 16:42 760 Bakyt
Сәтбаев университеті ENAEE халықаралық Ассамблеясының орталығына айналды
Сәтбаев университеті

Сәтбаев университетінде Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE) және Инженерлік білім беруді аккредиттеу бойынша Еуропалық желі (ENAEE) ұйымдастырған халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар өтті. Осы іс-шаралар аясында «ENAEE желісінің аккредиттеу агенттіктеріне қойылатын талаптар» атты халықаралық семинар және ENAEE-нің 29-шы Бас Ассамблеясы ұйымдастырылды.

Ассамблея жұмысына Австрия, Франция, Италия, Испания, Ұлыбритания және басқа да 15 елден келген 16 аккредиттеу агенттігінің басшылары, сондай-ақ инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Жиынды Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев құттықтау сөзімен ашты. Ол университеттің халықаралық аккредитацияға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, бұл шараның өңірдегі инженерлік білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ болашақта студенттердің мансап жолында табысқа жетуіне ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, ректор EUR-ACE аккредитациясының инженерлерді жоғары деңгейде даярлауды қамтамасыз етудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

ENAEE президенті Жозе Карлос Квадрадо өз сөзінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту және инженерлік білім беру бағдарламаларын Еуропада ғана емес, басқа аймақтарда да дамыту қажеттігін айтты. Ол Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы аймақтағы студенттерге жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашуға назар аударды.

Профессор Жозе Карлос Квадрадо Орталық Азиядағы инженерлік білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жетілдіруге бағытталған ірі жобалардың бастамашысы болып табылады. ENAEE ұйымдастырған іс-шаралар өз кезегінде Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін және инженерлік білім беру сапасын арттыруға арналған маңызды алаң ретінде қызмет етеді.

Бұл кездесулер инженерлік білім беру саласындағы халықаралық стандарттарды енгізуді және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін маңызды қадам болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәтбаев университеті #білім #Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Кеше 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кеше 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Кеше 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);