ffin.kz

«Сары аяз» деген де атауы бар «қыс шілдесі» келе жатыр

«Сары аяз» деген де атауы бар «қыс шілдесі» келе жатыр almaty-akshamy.kz

Бәлкім, қарлы қыс енді келер. «Қаңтар тумай, қарға жарымайсың» деген ғой бұрынғылар..


Амалы көп желтоқсан айы артта қалып барады. Қазір Желдінің «Ақырап», «Сірне», «Аю жатқан» амалдары аяқталып, «Текенің бұрқағы» (бұрқылы)» амалы жүріп жатыр. Ол да біту қарсаңында. Желі, дауылы, ызғары мол амал. Алматы тұрғындарына да аса жайлы болмады. Қала мектептерінде сабақтың уақытша тоқтатылуы орын алды. Еліміздің, өзге өңірлерінде, әсіресе, шығыс пен солтүстікте қыс қаһарына мінді.


Міне, қаңтар айы да қақпаны қағып тұр. Қаңтар – күннің «қаңтарылып байланатын», одан әрі тұқырып қысқара алмайтын ай болғандықтан осылай аталған. Қаңтарулы тұрған аттың басы жерге қалай жетпесе, қаңтардағы күн көзі де одан әрі төмендеп, көкжиекке жақындай алмайды. Осыған орай ежелгі түркі тілінде безбен таразысының таяғы да қаңтар деп аталған: безбеннің бір басы көтеріліп, екінші басы төмендеп барып тоқтайды ғой. Мына қызықты қараңыз: Чуваш тілінде оңтүстік жақты және түс мезгілін қаңтар деп атайды екен. Бұл қаңтардың қазақша мағынасына жақын.



Байырғы жұлдызшылар қаңтарды дәлу деп атапты. Дәлу сөзі тұрақсыздықты, жалғандықты білдіреді. Демек, қаңтар тұрақсыз әрі амалы көп ай. Алғашқы амал – «Күннің таласуы» айдың алғашқы күніне тұспа-тұс келеді. Бұл кезде күн бой көтереді, ауа райы өзгеріп, қар жауады, сырғыма жүреді, боран болуы да мүмкін. 1954 жылы жарық көрген «Орысшақазақша сөздікте» профессор Нығымет Сауранбаев декабрь айын «ақпан», январь айын «қаңтар» деп атаған екен.



Бұл халық ұғымына дәл келеді. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те декабрь айын «ақпан» деп атап жазған. Ақпан «жылдың ең соңғы айы» деген пікірді халық календарын зерттеуші М.Исқақов та білдіріпті. Халқымызда «Жылан ысқырып шығады», «Жылқы осқырып кіреді» деген қанатты сөз бар. Осы аптаның соңында ескі жыл бітіп, жаңасы келгенімен, табиғат өзгермейді. Өйткені, жаратылыстың өз заңы бар. Ол наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні өзгереді. Осы кезде жер-дүниенің бәрі жасарады, жасанады.


Табиғаттың тамыршысы атанған қазекең осы кезді Жаңа жыл деп атаған. Сондықтан қоян жылы бітпейді, жүре береді. Ұлудың келуіне әлі ерте... Алда қаңтардың қаһарлы амалдарының бірі де бірегейі – «Қыс шілдесі» келе жатыр. «Сары аяз» деген де атауы бар. Айдың 10- ынан басталып, 25-іне дейін созылады. Өте айбынды, аязды амал... Осы амал төңірегінде алыпқашпа әңгіме де аз емес. Оны, әрине, кезі келгенде айтамыз. Бүгін ай тізбесі бойынша желтоқсанның – 15-і, григорианша – 28-і, қазақы есепке жүгінсек – 14-і. Апта айдың ортасы мен соңына дөп келуде. Ал айдың ортасы мен соңы түрлі жағымсыз көрініс орын алатын кез..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32