ffin.kz

«Саратан-Зауза» амалы аяқталды

«Саратан-Зауза» амалы аяқталды almaty-akshamy.kz

* Қазақы пайым



Өткен жолы жазғанымыздай, жауын-шашын, күннің күркірі, салқындық көрініс берді.


Ауа райы күнде құбылуда. Алматының аспаны ұзақ күнге бір жадырамай қойды. Түске дейін күн көзі көрінсе, түс ауа  көкті бұлт бүркейді. Ал кешке өткінші болса да, жаңбыр нөсерлетіп өтеді. Көктем ерте шыққанымен, шаруаға да, қала тұрғындарына да тым қолайсыз болып тұр. Табиғаттың  құбылмалы мінезі бақша дақылын егу мен көшеттеуге қолбайлау болып отыр. Базарда  түрлі дақылдың көшеті дайын, бірақ оларды отырғызғанмен ары қарай жетілдіретін бақша топырағы дайын емес. Әлі салқын әрі қатты...


Осымен бір мезгілде түз аңдарының күйегі түсуі (күйек) қатар жүреді. Басқа аталуы: қыркүйек. Бұл күзгі қыркүйек емес. Ол үй жануарларының өсіп-өнуі. Бұл болса түз аңдарына арналған. Амал кезінде бірнеше күнге созылған сылбыр жауын болады.


Бұрынғы  амал зерттеушілердің айтуы бойынша, осы айдың 17-сінен, яғни бүгіннен бастап амал көрініс береді. Бұл – аң төлдейтін мезгіл.  Осы кезде киіктер төлдейді. Киік қанша көп болса да, олар 2-3 күннің ішінде-ақ түгелдей төлдеп болады. Мұның сыры – енелері кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы әрі науқанның тез бітуі, міне осыдан болса керек. Киіктің айта кететін ерекше қасиеттерінің бірі де осы.


Киіктердің төлдеуі екі-үш күнге ғана созылады дедік. Артынша  нөсерлі жаңбыр жауып, соңы дауылды желге ұласады. Сол жауынмен олар тазаланып, желдің күшімен лақтарын өргізеді. Суық та екпінді желдің демеуімен жерден бір тұрып кеткен лақ қайтып жатпайды, шапқылап кете береді.



Мамырдың соңына қарай болатын өте суық жел жерді кептіргенімен, ауаны қатты суытып жібереді. Сол кезде тау басына бұлт төніп, аспан бұзылады. Осындай суық күндерді «Құралайдың салқыны» деп атаған. Өйткені, осы желге қарсы киік өз құралайларын аяқтандырып, жүгіртіп, өргізетінін айттық. Қазақтар «Құралайдың салқынын» күтіп, одан сақтанатын болған.



Биыл «Құралай»  амалы жылдағыдан ерте келген сияқты. Жоғарыда айтқанымыздай, көктемнің ерте келуінің әсері болар. Анда-санда күн көзінің жылт етіп, бірер күн шуақ шашқаны болмаса, ауа райы әлі жылы қалпына түскен жоқ. Алатаудың алып шыңдарында жатқан қар әлі еріген жоқ.


Алматыда биыл жеміс ағаштарының бәрі гүлдеп, артынша түйнектеді. Бірақ күннің салқындығынан бой жазып кете алмай тұр. Ерте пісетіні өрік пен шие. Сосынғы кезек алманыкі. Бір күн жел, келесі күні жаңбыр, әйтеуір, есебін тауып, жеміс ағашының өсуіне мүмкіндік берер емес. Биыл алматылықтар жарытып жеміс жей алмайтын шығар.  


Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін мамырдың –18-і,  ай есебінше – 29-ы, қазақша  айдың –16-сы. Апта айдың ортасы мен соңын қамтып тұр. Жауын-шашын, салқындық, күн күркірі болуы әбден мүмкін.


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Мамырда:


 *Күн ерте күркіресе, жаңбыр мол болады.


*Ай қораланса, бұршақ пен жаңбыр жауады.


*Қоқиқаз былтырғы ұясына жұмыртқаласа, құрғақшылық болады.


*Ескі ұясын жөндеп, биіктетсе, онда мамыр айы жаңбырлы болады.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40