конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қа...

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Құрылтай Бүгін 20:37 55
Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді
Фото: baq.kz

Сайлаушыларға партиялардың уәделерімен қатар, олардың жүзеге асу мүмкіндігі мен кандидаттардың кәсіби тәжірибесіне назар аудару ұсынылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сайлауалды бағдарламаларды бағалағанда қазақстандықтар партиялардың уәделеріне ғана емес, олардың қаншалықты жүзеге асатынына, сондай-ақ кандидаттардың кәсіби тәжірибесіне де назар аударуы керек.

Бұл туралы «Sarap» сарапшылар клубының отырысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Жанар Санхаева мәлімдеді.

Астанада «Адам және оның өмір сүру сапасы: электоралдық күн тәртібінің басымдықтары» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысы өтті. Талқылаудағы негізгі тақырыптардың бірі – адами капитал және оның саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларындағы орны болды.

Жанар Санхаеваның айтуынша, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және адами капитал мәселелері жеті сайлауалды бағдарламаның барлығында қамтылған. Бұл бағыттар жастар мен ата-аналардан бастап аға буын өкілдеріне дейін халықтың түрлі топтарының мүддесіне тікелей қатысты.

Сарапшы сайлауалды бағдарламаларды зерделеген кезде сайлаушылар ұсыныстардың қаншалықты нақты екенін және оларды депутаттардың өкілеттік мерзімі ішінде жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауы қажет екенін атап өтті.

Кез келген бағдарламаны SMART жүйесі бойынша талдау қажет: не уәде етіп отыр? Әрине, сандық көрсеткіштерге де: қанша мектеп, қанша аурухана салынды және тағы басқаны қарауға болады. Сонымен қатар мұның қаншалықты жүзеге асатынын да қарау керек: бізде депутаттар бес жыл мерзімге сайланады. Сондай-ақ осы әлеуметтік жобаларды, мейлі ол білім беру немесе денсаулық сақтау саласында болсын, жүзеге асыруға бұл депутаттардың өкілеттігі қаншалықты мүмкіндік беретінін бағалау қажет, – деді Жанар Санхаева.

Оның айтуынша, шешім қабылдау үшін сайлауалды бағдарламаның өзі жеткіліксіз. Сайлаушы партиялық тізімнің құрамына да назар аударуы керек.

Кандидаттың өзіне қарау қажет: ол осы мәселелерде қаншалықты кәсіби, бұл тақырыптарды қаншалықты алға жылжыта алады? Сондықтан мұнда сайлауалды бағдарламаларға ғана емес, партиялық тізімге, осы тармақтарды жүзеге асыруға атсалысатын адамдарға да назар аудару маңызды, – деп атап өтті сарапшы.

Жанар Санхаева мемлекеттік саясаттағы адами капиталдың рөліне де жеке тоқталды. Оның айтуынша, Конституциялық реформа аясында жаңа Конституция адами капиталды инновациялар, білім және ғылыммен қатар стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде бекітті.

Бүгінде мемлекеттік саясаттың, соның ішінде сайланған Құрылтай депутаттарының қызметінің нәтижесі адамның мүмкіндіктері қаншалықты кеңейіп, оның өмір сүру сапасы қаншалықты жақсарғанына қарай бағаланатын болады, – деді ол.

Электоралдық науқанның барысына тоқталған сарапшы кандидаттардың халықпен жұмыс істеуде дәстүрлі тәсілдерді, соның ішінде «есіктен есікке» форматын, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлерді белсенді пайдаланып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, адами капитал мен білім беру мәселелері өткен телевизиялық сайлауалды дебаттардың да негізгі тақырыптарының біріне айналған. Онда кандидаттар сайлаушыларға ұсынатын шараларын таныстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Бүгін 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Бүгін 20:40

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Бүгін 20:30

Азаматтардың өмір сапасы сайлау күн тәртібінің басты басымдығы – «Sarap» сарапшылары

Бүгін 20:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);