AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Сақтардың сарқыты

Сақтардың сарқыты

Мәдениет 26.06.2025, 11:20 855 yakiya
Сақтардың сарқыты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Алматы облысында ҚазҰУ археологтары сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты, деп хабарлайды aqshamnews.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен Алматы облысының Ұйғыр ауданында қазба жұмыстары жүргізілген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоғызбұлақ ауылының маңында ерте темір дәуіріне жататын қорғандар зерттелді. Мамандар ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан және 20-дан астам қорғаннан тұратын Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарында далалық зерттеулер жүргізді. Археологиялық нысандардың негізгі бөлігі тізбектеле орналасқан және солтүстіктен оңтүстікке бағытталған элиталық қорғандарға жатады. Тоғызбұлақ-2 қорымы ауылдың солтүстігінде орналасқан және жалпы саны 30-дан асатын түрлі қорғандардан тұрады.

"Тоғызбұлақ-1 қорымындағы далалық зерттеулер барысында төрт қорған, ал Тоғызбұлақ-2 қорымында екі археологиялық нысан қазылды. Тоғызбұлақ-1 қорымындағы №3 және №4 қорғандардың үйіндісінен алтын әшекейлердің табылуы айтулы жаңалық болды. №4 қорғаннан ер мен әйелдің сүйектері табылды. Сүйек қалдықтарының жанынан керамикалық ыдыстар, темір заттар, тас келсап, жануарлар сүйектері, алтын тізбектің сынығы, әртүрлі алтын пластиналар және т.б. табылды", деді Тарих ғылымының докторы, профессор Досбол Байғонақов.

№3 қорғанның үйіндісінен адамның сүйек қалдықтары, сондай-ақ алтын пластиналар табылды. Олардың арасында арыстанның суреті салынған алтын жүзік ерекшеленеді. Мұндай артефактілер сирек кездеседі. Салмағы 8 грамға жуық жүзік алтын құймасынан жасалған. Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты. Бір қарағанда әйелдің жүзін, арыстанның тұмсығы мен жалын, тіпті бұқаны, қошқарды көруге болады, олардың таңбасы ежелгі тайпаларда кең тараған. Мамандардың айтуынша, мұндай жерлеу орындары мен артефактілер Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларына тән. Табылған қазбалар шамамен б.з.д. IV-III ғасырларға жатады.

"Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарынан табылған заттар ерте темір дәуірімен мерзімделеді және қазіргі Ұйғыр ауданының аумағы сақ мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді", делінген университет хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);