Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сапасыз интернет: Операторларға 1,2 млрд теңге айы...

Сапасыз интернет: Операторларға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Әлеумет 19.12.2022, 10:25 919
Сапасыз интернет: Операторларға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды
Сурет: Root-nation.com

Айыппұл механизмі бюджетке түсетін кірісті көтерді.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапасыз байланыс пен интернет үшін операторлар қомақты сомада айыппұл төлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, оның 4 733-і, яғни 74 пайызы, кең жолақты интернетке қосылған. 1 628 елді мекен 4G-ге қосылған, ал 3 105 -і 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. Барлық елді мекендердің 34 пайызы ADSL технологиясымен, яғни мыс сымымен қосылған, сондай-ақ оптика жүйесімен 26 пайызы қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, тұрғындар саны 260 мыңнан асатын 1673 ауыл кең жолақты ұялы байланыс интернетпен қамтылмаған. Байланыс сапасын көтеру мақсатында біз жыл сайын «базалық станциялардың» санын көбейтіп жатырмыз. Бүгінде 43 мыңдай базалық станция орнаттық. Демек, жыл сайын 4 мың жаңа станцияға іске қосылады», - деді Б. Мусин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.



Осы орайда ол заңнамалық өзгерістер арқылы операторларды байланыс инфрақұрылымына инвестиция салуға ынталандыру тетіктері бекітілгенін айтты.



«Атап айтқанда, әрбір байланыс технологиясы үшін ең төменгі сапа параметрлері белгіленген. Нақты айтатын болсақ, 3G-ге секундына 1 Мбит, 4G-ге секундына 5 Мбит айқындалды. Бұл механизмге сәйкес, бекітілген сапа көрсеткіштерін бірінші рет бұзғаны үшін айыппұл сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен 1000-ға көтерілді. Бұл талап қайта бұзылса, 200 АЕК-тен 15 мыңға дейін жетеді. Шынын айту керек, бұрын айыппұл мөлшері аз болған. Сол себепті операторларға, басты жауапкершілікті алмай, жай ғана айыппұл төлеп жүре беру ығайлы еді», - деді ведомство басшысы.



Бұл тұрғыда ол айыппұл сомасының өсуі операторларды өз инфрақұрылымына жауапкершілікпен қарауға міндеттейтінін айтты.



«Айыппұл механизмі бюджетке түсетін кірісті көтерді. 2022 жылы барлығы 1051 тексеру жүргізіліп, 1 млрд 264 млн теңге сомасына айыппұл жазылды. Бұған қоса, айыппұл нәтижесінде операторлар 700 ден астам базалық станция қосымша орнатты», - деді министр.



Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында сенатор сапасыз интернетке айыппұл сомасын өсіруді ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #Сапа #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика