AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Сапар алдында құжаттарыңызды жоғалтып алсаңыз, не...

Сапар алдында құжаттарыңызды жоғалтып алсаңыз, не істеу керек?

Мұны білген жөн 08.09.2025, 09:38 466
Сапар алдында құжаттарыңызды жоғалтып алсаңыз, не істеу керек?
Сурет: Polisia.kz

Сапар барысында құжат жоғалту – саяхатшылар үшін ең жағымсыз жағдайлардың бірі. Тіпті ең абай саяхатшылар да өздерінің жеке куәлігі немесе төлқұжатын тосын жерде жоғалтуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Ішкі рейстер

Астана әуежайының баспасөз қызметі ішкі рейстерде шешім бар екенін айтты.

"Саяхатшы eGov mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті пайдалана алады. Бұл мәліметтер ресми түрде мойындалады және әуекомпаниялар тіркеу мен ұшуға отырғызу кезінде қабылдайды", – делінген хабарламада.

Яғни, егер құжат жоғалса да, телефондағы цифрлық құжат ел ішінде ұшуға кедергі болмайды.

Халықаралық рейстер

Шетелге сапарға шығайын деп жатқанда жоғалтсаңыз, жағдай күрделірек болады. Көп бағытта шетел төлқұжаты – шекараны кесіп өтуге мүмкіндік беретін жалғыз құжат.

"Кей жағдайларда жарамды виза да қажет. Төлқұжаты болмаса, саяхатшы рейске жіберілмейді, себебі мемлекеттік шекараны кесіп өту мүмкін емес. Сонымен қатар, тағайындалған ел де паспорты мен визасы жоқ адамды қабылдамайды", – деп түсіндірді Астана әуежайының өкілдері.

Ресей мен Қырғызстанға ұшу кезінде қазақстандықтар жеке куәлікті пайдалана алады. Жақында Арменияға ұшу үшін де осындай мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, кез келген жағдайда Lost&Found бөліміне хабарлап, әуекомпанияға мәлімдеу маңызды.

Құжат шетелде жоғалған жағдайда
Егер паспорт Қазақстаннан тыс жерде жоғалған болса:

  1. Қазақстанның ең жақын консулдығына немесе елшілігіне жүгіну.

  2. Жоғалту туралы хабарлап, қайтару куәлігін рәсімдеу. Бұл құжат Қазақстанға кіруге және тұрғылықты жерге жетуге мүмкіндік береді.

"Паспорт шетелде жоғалған жағдайда азаматтар Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне жүгінеді, онда олар қайтару куәлігін алады, ол РК аумағына кіруге және тұрғылықты жерге жетуге жарамды. Қазақстанға келген соң құжатты қалпына келтіру үшін уәкілетті органдарға жүгіну қажет", – деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тәжірибелі саяхатшылар жоғалғанын жергілікті полицияда тіркеуді де кеңес етеді. Сәйкестендіру туралы анықтама жаңа құжаттар рәсімдеуде қажет болуы мүмкін.

Саяхатшыларға кеңестер

Астана әуежайының өкілдері сапар барысында барлық қажет құжаттың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды сенімді орында сақтау маңызды екенін ескертеді.

Тәжірибелі саяхатшылар да бірнеше кеңес береді:

  • Құжаттарды ақша мен техникадан бөлек сақтау;

  • Паспорттың көшірмесін және фотосуреттерін жасау;

  • Мақсатты елдегі Қазақстан консулдық мекемелерінің мекенжайы мен байланыс деректерін алдын ала білу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сапар #төлқұжат #жоғалту #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03

Қанат Ислам Бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Бүгін 12:56

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:11

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика