AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласынд...

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Білім және ғылым Бүгін 12:41 62 yakiya
Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Алматыда қала басшылығы, құқық қорғау органдары және білім беру ұйымдарының әкімшіліктері қатысқан Білім басқармасының кеңейтілген отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесудің негізгі тақырыбы – білім беру мекемелерінің жұмысын жүйелеу және басқарудың проактивті моделіне көшу болды.

Жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов:

– Директорлар ең күрделі мәселелерді шешуге дайын болуы керек, әсіресе бала тәрбиесіне қатысты жағдайда. Сіздердің жұмыстарыңыз – ең қиын әрі ең қадірлі мамандықтардың бірі. Қақтығыс туындаған жағдайда заң аясында және медиация тетіктерін пайдалана отырып, шиеленісті азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажет, – деді.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдары әкімшілігінің басты мақсаты – сауатты жоспарлау мен ұжымдағы микроклимат үшін жоғары жауапкершілік арқылы кез келген тәуекелді барынша азайтатын орта қалыптастыру.

Кеңесте қауіпсіздік пен профилактика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ювеналды полиция бөлімінің басшысы Жанна Шонжанова мектептердегі бақылауды цифрландыру бойынша мәліметтер ұсынды. Оның айтуынша, Алматыда Жедел басқару орталығымен біріктірілген 17 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

Заңнамадағы өзгерістерге тоқталған ол:

– 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңға қол қойды, ол 2 наурыздан бастап күшіне енді. Бұл құжат біздің құзыреттерімізді нақты ажыратуға елеулі өзгерістер енгізді. Енді сабаққа қатыспайтын оқушыларды анықтау және оларды ішкі есепке алу міндеті тікелей мектептерге жүктеледі. Цифрландыру мен жаңартылған заңнама «Заң мен тәртіп» қағидатының нақты көрінісіне айналып, мектептердегі қауіпсіздік пен құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, – деді.

Сондай-ақ ол үш айлық профилактикалық жұмыстар аясында 200-ден астам жедел іс-шара ұйымдастырылғанын айтты. Есепке 155 жасөспірім мен 168 ата-ана алынған. Қазіргі таңда бақылауда мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатқан 511 қолайсыз отбасы және 392 кәмелетке толмаған құқық бұзушы бар. 263 жасөспірім қолдау орталықтарына орналастырылған.

Білім беру үдерістерінің сапасы туралы сөз қозғаған қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Аралбаев мектеп желісінің дамуы жөніндегі деректерді келтірді.

– Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 65,3 пайызды құрады. Біздің мақсатымыз – жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 68 пайызға жеткізу, – деді басқарма өкілі.

Сондай-ақ ол 2030 жылға дейін 105 мың орынға арналған 69 мектеп салу жоспарланғанын айтты. Ал 2025–2027 жылдары 31 мектепті сейсмикалық күшейту және қайта жаңғырту көзделіп отыр.

Талқылауды қорытындылаған Абзал Нүкенов инклюзия мәселесіне тоқталып, оны талқылауға жатпайтын басым бағыт деп атады. Ол мамандандырылған мекемелер басшыларын ашық жұмыс істеуге шақырды.

– Егер әдістемелік қамтамасыз ету немесе ресурс тапшылығы мәселелері болса, оны ашық айту керек. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар өздерін оқшауланған сезінбеуі тиіс. Біз олардың мектеп өміріне толыққанды араласуын қамтамасыз етуіміз қажет, – деді ол.

Кеңес қорытындысы бойынша оқу жылын аяқтауға дайындық пен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған бірыңғай іс-қимыл жоспары жасалды. Онда қауіпсіздік мәселелерімен қатар, оқушыларды тәрбиелеудегі «Таза Қазақстан» бастамасының рөлі мен барлық білім беру үдерістерін сапалы әдістемелік сүйемелдеудің маңызы атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Білім беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30

1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күшіне енеді

Бүгін 11:32

Цифрлық теңге: жаңа ақшаны экономикаға қайтіп кіріктірмек

Бүгін 10:36

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды

Бүгін 10:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);