Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Сәннен қалған аяқ киім үлгілері

Сәннен қалған аяқ киім үлгілері

Керек кеңес 15.01.2024, 09:11 1,452
Сәннен қалған аяқ киім үлгілері
Сурет: Dzen.ru

Жеке стилисттер Маргарет Стоун мен Эбби Янг сәннен кеткен аяқ киім үлгілерін  атап берді.


Тиісті материал Business Insider басылымының сайтында пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Әскери стильдегі бәтеңке, сүйретпелер және сүйір тұмсық (лодочка) туфлилер де өзектілігін жояды.



Сурет: Shedevrum.ai


Оның орнына балама нұсқаларға назар аударған жөн, мысалы, өткір тұмсықты етік, арт жағы жоқ үйге киетін тәпішке тәріздес мюли (бастапқыда мюли үйге арналған аяқ киім еді, бірақ оны кейіннен көшеге киіп шығатын болған)  және лоферлер.



Cурет: Sumochka.com


Сонымен қатар, мамандар табаны қалың кроссовкалар мен тоқыма сандалдардан бас тартуға шақырды.



Cурет: global.wildberries.ru



«Гардеробты классикалық үлгідегі балетка мен табаны жұқа әрі төмен келген кроссовкалар үшін босатыңыз», — деп кеңес берді Стоун.



Соңында стилист басы төртбұрыштылау болып келетін аяқ киім үлгісіне де тоқталды.



Сурет: Milota.top



«Bottega брендінің  танымалдылығын арттырған басы төртбұрышты болып келген аяқ киімдер 2021 жылдың символна айналды. Қазіргі уақытта оларды үшкір немесе басы дөңгелек келген модельдермен ауыстырған дұрыс», — деп түсіндірді Янг.



Тағы бір стилист Анна Скороходова 50 жастан асқан әйелдерге мокасиндер мен биік өкшелі аяқ киімдер онша жараспайтынын, оның орнына базалық реңктердегі лоферлер мен сүйір тұмсықтыға  ауыстыру керектігін айтқан болатын.


Дейтұрғанмен, стилистер ұсынған кеңестерге құлақ аса отырып, әркім өзінің талғамы мен жарасқанына қарай алған жөн болар, Бастысы, аяқ киімнің жайлылығына, бүтін екеніне,содан соң барып сән жағына қараған дұрыс шығар.


Әйтпесе «аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?!»

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cән #аяқ киім #үлгілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика