AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Санитарлық талаптар сақталуда

Санитарлық талаптар сақталуда

Билік 25.07.2021, 16:03 1,499 Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ
Санитарлық талаптар сақталуда
aikyn.kz

Ауылдық округ әкімдерін сайлау кезінде Алматы облысының тұрғындары белсенділік танытуда. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен бирифингте айтылды. Жиынға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық, облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет және облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайсар Мухметов қатысты.



– Тіркелген 235 үміткерге ауыл сайлаушылары дауыс беруде. Орташа бәсекелестік бір орынға 3,3 пайыз болып отыр. Облыс тұрғындары дауыс беру белсенділігі бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуде. Қазіргі таңда сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 38 783 адам дауыс берді, – деді. Ал Әлия Ғалымжанқызы болса, эпидемиологиялық жағдайды баяндап, бүгінгі күннен бастап Алматы облысы "сары" аймаққа енгенін хабарлады.



– Санитарлық талаптар әрбір сайлау учаскелерінде сақталған. Термометрдің көмегімен келушілердің дене қызуын өлшеу үшін арнайы жауапты қызметкерлер бекітілген. 1-1,5 метр арақашықтықты сақтау арқылы сайлаушылардың қозғалысын бағыттайтын жол көрсеткіштері бар. Ғимаратта қолды дезинфекциялауға арналған құрал міндетті түрде тұруы, бетперде режимін сақтау және оны 3 сағат сайын ауыстыру керек. Ғимаратқа кіргенде қолды дезинфекциялау, қол алысуды және тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмау қажет, – деген ол санитарлық талаптар бұзылған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жауапқа тартылып, 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын ескертті.


Баспасөз мәслихаты барысында Қайсар Жақсылықбекұлы тәртіп сақшылары азаматтардың бостандығын және құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Полицейлер сайлау бюллетендерін сайлау учаскелеріне жеткізіп, қазіргі уақытта учаске маңайында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырып жатқанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #әкім #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);