«Самұрық-Қазына» өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді

«Самұрық-Қазына» өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді Сурет: ашық дереккөз

«Самұрық-Қазына» Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді. Бұл туралы қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қаражат эвакуацияланған елді мекен тұрғындарына, сондай-ақ өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде беріледі және Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы аударылады.



«Бүкіл Қазақстан орман өрті өршіп тұрған Абай облысындағы отандастарымыз үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде тасада қала алмаймыз», - деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47