конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Заң мен тəртіп 25.06.2026, 10:15 208 yakiya
Самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, енгізілген өзгерістердің барлығы жол қауіпсіздігін күшейтуге және жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымдарына бақылау күшейтіліп, электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады.

Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 24 маусымда қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, жол қозғалысы саласындағы өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілерді сапалы даярлау жүйесін қалыптастыруға және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – Ішкі істер министрлігіне жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымдарына қызмет жүргізуге рұқсат беру және олардың жұмысын бақылау құзыреті беріледі.

Заңдағы маңызды жаңалықтардың бірі – электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салу. Министрлік мұндай көлік құралдарының, әсіресе балалар үшін, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін атап өтті.

Ведомство дерегінше, 2025 жылы елімізде электросамокат жүргізушілерінің кінәсінен 139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 149 адам жарақат алған.

Сонымен қатар түзетулерге сәйкес, "Жол жүрісі туралы" заңнан елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлікті тұрақта қалдыруға қатысты тыйым алынып тасталады. Бұдан бөлек, жол қозғалысын автоматты түрде тіркейтін камераларды қолдану аясы кеңейтіліп, электромобильдер үшін арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірлері енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#электросамокат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);