AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Самокатшыларға тыйым салынады

Самокатшыларға тыйым салынады

Әлеумет 17.04.2023, 11:59 1,252 Almaty-akshamy.kz. 
Самокатшыларға тыйым салынады
Сурет: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі электрлі көлік құралдарын қолданудың ережелері мен талаптарын еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Соңғы жылдары балалар ғана емес, ересектер де белсенді қолданатын түрлі көлік құралдарының саны артты. Ол электрлік скутерлер, самокат, гироскутерлер тағы басқа. Олар жол қозғалысының қатысушылары болып саналады. Сондықтан Ішкі істер министрлігі электрлі скутерлерді қолдану ережесінің барын еске салады. Электрлі скутер бір адамға арналған көлік құралы, максималды жылдамдық 25 км/сағ аспайды. Оның алдыңғы, бүйір және артқы жағы жарықпен жабдықталуы тиіс. Жақын маңдағы адамдарды ескертуге мүмкіндік беретін дыбыстық құрылғысы болуы керек. Жолаушы қозғалыс барысында жан-жағына мұқият шолу жасап отыруы тиіс, ұялы телефонды немесе басқа гаджеттерді пайдаланбау керек. Сонымен қатар рөлді екі қолыңызбен ұстаңыз, көлік құралын ақырын және ұқыпты тоқтатыңыз», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, электрлі скутерді жарық жеткіліксіз әрі тар жерлерде, сондай-ақ қозғалысқа кедергі көп жерде мінбеген жөн.



«Көлік көп жүретін және адамдар көп болатын жерлерден аулақ болыңыз. Электрлі скутерде қозғалу кезінде шлем, сондай-ақ қол, білек, тізе, бас және шынтақты қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз. Жүк және жолаушы тасымалдамаңыз. Жол ережелерін сақтай отырып, жүретін аумағыңыз бен қозғалыс жылдамдығын таңдау маңызды. Жаяу жүргінші немесе велосипед мінушіге жақындап қалған кезде ескеру белгісін беріңіз», - дейді ол.



Сондай-ақ, ведомство электрлі скутерге үнемі техникалық қызмет көрсетуді ұмытпау керектігін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#самокат #тыйым #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);