AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / МЭКС ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев...

МЭКС ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Саясат Бүгін 19:00 59
МЭКС ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысы өтті. Инфрақұрылымды жаңарту барысы, жекелеген өңірлер бойынша жұмыстарды жеделдету үшін шаралар қабылдау және 2027 жылға арналған жобаларды дайындау мәселелері қаралды.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, тоғыз өңірде 22 нысандағы жұмыстар аяқталды. 145 жоба бойынша құрылыс жұмыстары мен жабдықтарды сатып алу жүргізілуде. Сонымен қатар келесі құрылыс маусымына дайындық жүріп жатыр. 180 жоба бойынша шарттар жасалып қойған.

«Қазiргi уақытта коммуналдық инфрақұрылымға арналған жобалар мен инвестициялардың жалпы пулы таңғалдырады. Тәуелсіздігіміздің бүкіл тарихында мұндай болған емес. Осы инвестициялардың барлығын уақтылы игеріп, нақты нәтижелерді көрсету қажет», — деді Қанат Бозымбаев.

Отырыс барысында ұлттық жобаны жүзеге асыру қарқынын жеделдету үшін жергілікті жерлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Әкімдіктердің, коммуналдық кәсіпорындардың және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттерінің тығыз жұмыс істеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Түркістан облысында мәлімделген 13 жобаның 11-і бойынша шарт жасалған, ал құрылыс жұмыстары бесеуінде ғана басталған. Ақтөбе облысында 17 жобаның сегізі бойынша шартқа қол қойылған, жұмыстар төрт жобада жүргізілуде. Бұл ретте өңірдегі жылу желілерінің тозуы – 55%-ды, ал электр желілерінің тозуы 76%-ды құрайды. Жамбыл облысында 20 нысанның бесеуінде құрылыс жұмыстары басталды. 

Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің барлық шешімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды: үш өңірге 20 қарашаға дейін осы жылдың жобалары бойынша шарттар жасасуды аяқтау тапсырылды.

Вице-премьер Ұлттық жобаның тиімділігі нақты нәтижелер бойынша: жаңартылған желілердің ұзындығы, олардың тозуы мен апат қаупінің төмендеуі секілді көрсеткіштерді ескере отырып бағалануы тиіс екенін атап өтті. Ұлттық экономика министрлігіне жобалардың жүзеге асырылу барысына күнделікті бақылау орнату тапсырылды.

2027 жылғы құрылыс маусымына дайындық барысына ерекше назар аударылды. Әкімдіктерге 1 желтоқсанға дейін конкурстық рәсімдерді аяқтау, ал жыл соңына дейін шарттардың жасалуын және қаржыландыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау, коммуналдық саланы цифрландыру және тазарту құрылыстарын жаңғырту мәселелері қаралды. Ұлттық жоба аясында 3,5 млрд теңгеден астам сомаға қазақстандық өнімді жеткізуге 54 шарт жасалып қойды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев жауапты ұйымдар арасындағы үйлестіруді күшейтуді, белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді және өңірлерде Ұлттық жобаның жүзеге асырылу тиімділігін арттыруды тапсырды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #энергетика #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Бүгін 19:45

МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ЕКІ МҰҒАЛІМІНЕ СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін 19:33

Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты

Бүгін 19:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды  

Бүгін 19:06

Қазақстан мен Қытай мұнай-газ, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Бүгін 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);