AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар...

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 10 медаль алды

Спорт 14.11.2022, 03:00 1,224 Almaty-akshamy
Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 10 медаль алды
Сурет: Ашық дереккөз

Әлем чемпионаты мәресіне жетті


Қазақстандық балуандар Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен самбодан әлем чемпионатында 3 күміс, 7 қола жүлде алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


13 қарашада әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстандық балуандар 3 күміс, 7 қола медаль алды. Нәтижесінде жалпы есепте 9-орынға жайғасты.


Жарыстың үшінші күнінде жауынгерлік самбодан 71 келіге дейінгі салмақта Әсет Анарбаев финалға шығып, израильдік Тариэль Аббасовқа есе жіберді.


Ал 88 келіде Айбек Саметаев жартылай финалда сүрініп, қоланы қағанат тұтты.


Тағы бір қоланы әйелдер арасында Арайлым Әбенова (80 келіден жоғары) алды.


Еске салсақ, 12 қарашада Ділдәш Құрышбаева (72 келі), Арнұр Қуатай (71 келі) мен Мирас Уәлиев (58 келі) қола жүлдегер атанды.


Ал 11 қарашада Қайырберді Айдынбай (58 келі) мен Асылбек Смайылов (79 келі) күміс жүлдегер болса, Гүлдана Әлмұхамбетова (54 келі), Райхан Мәди (98 келі) үздік үштікті түйіндеді.


Әлем біріншілігінің нәтижесі жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имаханов биылғы көрсеткішті жоғары бағалайтынын атап өтті.


«Биылғы көрсеткішті жақсы деп бағалаймыз. Шешуші сәтте кей самбошыларымызға сәттілік жетпей жатты. Биыл көптеген жас спортшы құрамаға енді қосылды. Соған қарамастан олар жүлде алмаса да, үздік бестіктен көрініп жатыр. Мысалы, 22 жастағы Әсет Анарбаев ересектер арасында алғашқы әлем чемпионатына келді. Келесі жылы Алматы қаласы ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын қабылдайды. Соған тыңғылықты дайындаламыз», - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#самбо #ӘЧ #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);