Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Самат сотталды...

Самат сотталды...

Заң мен тəртіп 20.03.2024, 06:18 1,066
Самат сотталды...
Сурет: интернеттен

Бұрынғы генерал-лейтенант Самат Әбіш шартты түрде сегіз жылға сотталды


Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш «Қаңтар оқиғасы» бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Facebook-аккаунтында «Дат» газетіне шыққан мақаладан үзінді келтіріп жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



«26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен сегіз жылға шартты түрде сотталды. Оның генерал атағы мен мемлекеттік марапаттары алынды. Бірақ меншік-мүлкіне конфискация жасалмады», – делінген жазбада.



Оның жазуынша, бұған дейін Қазақстанда ешкім сегіз жылға шартты түрде сотталмаған.


Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Самат Әбіш ісіне қатысты қосымша ақпарат берген болатын.



«Мен тек істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Бұған дейін одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан, оның мәртебесі сотталушы», – деді Әсет Шындалиев.



Сондай-ақ қылмыстық істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.


Былтыр қазан айында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Назарбаевтың немере інісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүргенін айтты. Оның пікірінше, тергеушілер оның қашып кетпейтініне сенімді болуы мүмкін.



«Тергеу органдары тергеу жұмыстарына сүйенеді. Олар оның ешқайда қашпайтынына сенімді болса керек. Ол қылмыстық қудалау органдары алдындағы заң бойынша өзіне жүктелген міндеттерінің ешқайсын бұзбаған болуы мүмкін. Сондықтан оған басқа бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе туындамаған», – деді ол.



Оның айтуынша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа тергеу деректері жарияланбайды.


2023 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеуді бастады. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде лауазымды өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ақпаратқа сәйкес, тергеу барысында құпия құжаттар зерделеніп жатыр. Бас прокуратура Конституцияға заң мен сот алдында барлық азамат тең екенін еске салған.


ҰҚК Төрағасының экс-орынбасары Самат Әбіш 2022 жылы 17 қаңтарда қызметінен босатылған еді. Ал 2022 жылғы 22 маусымда ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов Самат Әбіштен жауап алынып жатқанын хабарлаған.



«Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік беріп жатыр, бірақ мен оның статусын білмеймін», – деген еді ол.



Самат Әбіш – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Оның ағасы Қайрат Сатыбалды 2022 жылғы қыркүйекте алты жылға сотталған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Самат Әбіш #қаңтар оқиғасы #ҰҚК
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика