Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Самат ҚҰСАЙЫНОВ: Анадолы музейінде фотоөнерімді кө...

Самат ҚҰСАЙЫНОВ: Анадолы музейінде фотоөнерімді көрсету – зор мәртебе!

Көрме 04.10.2024, 08:55 2,025
Самат ҚҰСАЙЫНОВ: Анадолы музейінде фотоөнерімді көрсету – зор мәртебе!
aqshamnews.kz

Alatau Aqparat медиахолдингіне қарасты «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Самат Құсайыновтың Анкарада фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Ұлы даланың салт-дәстүрі» – Türk Yurtlarında Büyük Bozkırın Kültürü» атты фотокөрмені Alatau Aqparat медиахолдингі мен ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.

Көрмеге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, «TÜRKTAV» Түркі тарихы мәдени қорының атқарушы директоры Әсел Лахаева, Анадолы мәдениеттері музейінің директоры Юсуф Кырач және басқа да қонақтар қатысты. Әріптесіміз, белгілі фотомаман Самат Құсайыновқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың Алғыс хатын көмекшісі Мелик Өзсөз табыстады.

«Ұлы дала мәдениеті» көрмесі – Қазақ даласының тарихы, мәдениеті және өмір салтын таныстыру мақсатындағы ерекше іс-шара. Көрме Қазақстанның кең байтақ географиясын, оның тарихи және мәдени мұрасын, дала тұрғындарының табиғатпен үйлесімді өмірін бейнелейді.

«Ұлы дала мәдениеті» көрмесінде Самат Серікбайұлы Қазақстанның әр аймағындағы адамдардың күнделікті өмірін бейнелеп, олардың қонақжайлылығын, дәстүрлерін және табиғатпен байланысын көрерменге әсерлі жеткізді. Оның шығармалары ұлттық мәдени мұра ретінде бағаланып, фотожурналистика саласындағы жетістіктерімен халық арасында танымал.

Көрменің басты мақсаты – Қазақстанның мәдени мұрасын танытып, Ұлы Даланың бай тарихын көркем тілмен баяндау.

 

 

– Менің мақсатым – қазақ мәдениетін, ұлттық ойындарды, әдет-ғұрыпты сурет өнері арқылы дәріптеу. Түрік, әзірбайжан, тәжік – бәрін ұстап ұйытып тұрған ол – ұлттық салт-дәстүр. Біз Анадолыда, жалпы шет мемлекеттерде қазақтың да рухани дүниесі бай екендігін дәлелдей түскіміз келеді.

Біздің көрме Түркияның «Анадолы өркениеттері мұражайында» ұйымдастырылды. Мұражай негізі – 1921 жылы қаланған. Музей Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен кеңейіп, ғимараты жаңарған. Бүгінде мұражайда неолит, қола дәуірі, Ассирия мен Урарту, хетиттер мен фригиялар, Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим, Византия және Осман империясы өркениеттерінен жинақталған коллекциялар сақталған. Тіпті, тарихы 7500 жылға баратын жәдігерлер бар. Бұл аумақ «Ұлы Жібек жолының» ұйытқысы болған. Осыған қарап туған өлкем Тараз бен Анадолы арасында да мәдени сабақтастық болғанын сеземін.

Түркі фототілшілерінен аса айырмашылық бар деп айта алмаймыз. Әйтсе де, түрік ағайындарда 1984 жылы «Түрік фото одағы» құрылыпты. Биыл 40 жылдық мерейтойы екен. Біз де сонда қонақ болдық, пікір һәм тәжірибе алмасып қайттық. Өздерінің іргелі журналы шығатын көрінеді. Әртүрлі тематикаға байланысты атымтай азаматтардың қолдауының арқасында фотоөнерді дәріптеп отырады.

Анадолы музейінде фотоөнерімді көрсету – зор қуаныш әрі құбылыс! Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күніне орай ТҮРКСОЙ және «Alatau Aqparat» медиахолдингтің бастамасы әрі қолдауымен Анкара төрінде жеке фотосурет көрмем ашылып жатыр. Мен үшін бұл үлкен мәртебе, қуаныш. Суреттерімде түркі елдердің ортақ құндылықтарын, салт-дәстүрлерін көрсеткім келді, - дейді Самат Серікбайұлы 

Айта кетейік, әйгілі фототілші Саматтың шығармашылық кеші туған жері көне Тараз жерінен бастау алып, бауырлас тілі, ділі, діні бір түбірлес Түркия елінде жалғасын тапты.

Ел арасында «Елуде – ел ағасы» деген аталы сөз бар. Расында, осы ұлағатты ойдың астарында талай мағына жатыр. Атажұрттан Анадолыға барып, қазақтың ұлттық құндылықтарын фотоөнерімен танытып жүрген ақжарқын жүзді арда азамат Самат Серікбайұлына алар асуың алда болсын деп әріптестер болып тілек білдіреміз!

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТҮРКСОЙ #Alatau Aqparat #Көрме #Самат Құсайынов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңгерлері жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған оқу құралын таныстырды

Бүгін 11:33

Алматыда колледж студенттері арасында «BilimHack Almaty-2026» қалалық хакатоны аяқталды

Бүгін 11:26

Қазақстан–Корея бірлескен жобасы: AI SilkNet ғылым саласындағы шешім қабылдау жүйесін іске қосты

Бүгін 11:20

Алматыда «Стоп сталкинг» форумы өтеді

Бүгін 11:07

Римма Масырова: Конституцияны жаңарту - уақыт талабы

Бүгін 10:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі