AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Салтанат Томпиева: Ұшақты төрт сағаттан артық күтк...

Салтанат Томпиева: Ұшақты төрт сағаттан артық күткен жолаушыларға ыстық тамақ берілуі тиіс

Әлеумет 10.08.2022, 04:24 1,306
Салтанат Томпиева: Ұшақты төрт сағаттан артық күткен жолаушыларға ыстық тамақ берілуі тиіс
smi24.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Zoom желісінде «Ашық сағат алаңы» шарасын ұйымдастырып, әуе тасымалы, тұрақты халықаралық жаңа әуе рейстерін ашу мен осы орайда туындаған түрлі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шара барысында қалың көпшілікті толғандырған мәселелердің бірі әуе рейстерінің кешігуі және әуе компанияларының жолаушылар алдындағы жауапкершілік мәселесі болды.


Бұл сауалға басқосуда Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева жауап берді.


Ол рейстерді кешіктірген авиакомпаниялар көп жағдайда жолаушыларға міндетті қызметтерді тиісті деңгейде орындамайтынын алға тартты. Сәйкесінше, оларға заңнамаға сәйкес шара қолданылады.



«Әрине, ұшудың кешігуі немесе ауыстырылуы көптеген қолайсыздықтар тудырады. Алайда техникалық ақаулар кез келген кезде болуы мүмкін. Тасымалдаушылар жолаушыларды рейстің ұшуын екі сағаттан артық күту кезінде алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етуге міндетті. Ал рейстің ұшуын төрт сағаттан артық күткен кезде ыстық тамақ берілуі тиіс», – деді Салтанат Томпиева.



Сондай-ақ ол рейсті күндіз алты сағат, түнде сегіз сағат күткен кезде жолушыларға тасымалдаушы ұсынған қонақүйде тұруға және тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақүйге және кері қайту қызметтері көрсетілуі қажет.


Тасымалдаушының кiнәсінен рейс кейінге қалдырылған немесе 10 сағаттан астам мерзiмге кiдiртiлген жағдайда, жолаушының қалауы бойынша әуе компаниясы аталған қызметтердің барлығын көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген межелі пунктке дейін жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.



«Бұл қызметтердің барлығы жолаушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тегін көрсетіледі. Егер де тасымалдаушы компания өз міндетін орындамаған жағдайда жолаушылар Азаматтық авиация комитетіне шағымдана алады. Біз келіп түскен шағымдарды зерделеп, тиісті шешім қабылдайтын боламыз, – деп атап өтті Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #азаматтық #авиация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);