Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Салтанат Нүкенованың есімі ел тарихына әсер еткен...

Салтанат Нүкенованың есімі ел тарихына әсер еткен тұлғалардың тізіміне енді

Әлеумет 06.10.2025, 11:38 418
Салтанат Нүкенованың есімі ел тарихына әсер еткен тұлғалардың тізіміне енді
Сурет: El.kz

Отбасылық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның елеулі тұлғаларының пантеонына енгізілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді хабарлаған.

Айтбектің айтуынша, ол анасымен бірге Қостанай облысындағы «Амангелді» тарихи-мемориалдық кешеніне арнайы барған. Бұл жерде мемориалдық қабырға мен ел тарихына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған пантеон орналасқан.

"Осы пантеонда Қазақстан тарихында із қалдырған тұлғалардың қатарында Салтанаттың аты жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Бұған дейін біз Павлодардан әкелінген топырақты пантеонға табыстаған едік, ол мемориалда капсула түрінде сақтаулы. Мұнда Салтанатты ел тарихына әсер еткен тұлғалардың қатарына қосыпты", – деп жазды Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі жазбасында.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 9 қарашасына қараған түні Салтанат Нүкенова Астанадағы BAU мейрамханасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан еді. Ауыр соққыға жығылған Салтанат көз жұмды.

2024 жылдың 13 мамырында Астанада өткен сот процесі барысында Қуандық Бишімбаев өз жұбайын азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл іс Қазақстан тарихындағы ең көп талқыланған істердің бірі болды. Оған бүкіл ел ғана емес, шетелдік БАҚ та назар аударды. Қоғамда үлкен серпіліс туып, әлеуметтік желілерде Салтанатты қолдау акциялары өтті. Осы оқиғадан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бұрынғыдан да өткір көтеріле бастады. Әйел құқығын қорғаушылар, заңгерлер мен белсенділер заңнаманы күшейтуді және отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы нақты шаралар қабылдауды талап етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Салтанат Нүкенова #Пантеон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі