«Павлодар өзен порты» АҚ мердігер ұйымы Сайран көлін қайта жаңғырту жұмыстарының қазіргі деңгеймен таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Қазір жобаның негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Яғни, : инженерлік желілер (суару, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сыртқы жарықтандыру жүйелері) салынды, жағалау желілері нығайтылып, бөгет салынған. Аумақты көгалдандыру жұмыстары ауқымды деңгейде жүргізілген: 3 400-ден астам ағаш, 15 000-ға жуық бұта мен гүлзар отырғызылып, жалпы көгалдандырылған аумақ көлемі 261 мың шаршы метрге жеткен.
Жоба қазір соңғы сатыға өтті. Соңғы кезеңде жағажай аймағын ретке келтіру, тротуар плиталары мен асфальт төсеу, шағын архитектуралық пішіндерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мердігер ұйымның өкілі, жоба жетекшісі Ренат Зильмухамедовтың айтуынша, қазіргі таңда нысанда көлді абаттандыру мен су толтыруға байланысты қорытынды шаралар атқарылып жатыр. Алайда, құрылысшылар жұмыс барысында инженерлік және техникалық кедергілерге жиі тап болуда. Әсіресе, ауа райының қолайсыздығы, жоғары ылғалдылық пен тұрақсыз температура сәндік лотостарға арналған бассейн түбіне сұйық гидрооқшаулағыш мембрана жағуға кедергі келтіріп отыр.
Аумақтың жер түзілісі де бірқатар қиындықтар туғызды. Учаске басшысы Александр Карандасовтың айтуынша, жобалау тобы беткейлерде жұмыс істеген кезде стандарттан тыс инженерлік шешімдер қабылдауға мәжбүр болған.
«Мұндағы топырақтар ауыр, сондықтан олар түгел ауыстырылды, қазылған топырақ алынып, құрылым үшін неғұрлым тұрақты балласт жасалды. Бүгінгі таңда Алмалы ауданы тарапынан жағалаудың шығыс бөлігінде жұмыстар толығымен аяқталды. Әуезов ауданы бойынша суару жүйесі жұмыстары жүргізіледі. Сайран көлін сумен толтырған кезде гидроөнімдер отырғызу жүзеге асатын болады», - деді Александр Карандасов.
Жобаның бас сәулетшісі әрі авторы Нелли Лаптева аумақтағы топырақтың құрамына талдау жасап берді. Оның айтуынша 1971 жылдары бұл ара құм мен қиыршық тас өңдеген орын болған, сондықтан топырағы құнарлы топыраққа жатпайды.
Сапалы гидрооқшаулағыш материалдардың кешігіп жеткізілуі де жобаға қолбайлау болып келген.
«ТМД елдерінде сертификатталған гидроизоляцияның қажетті көлемі табылмағандықтан, Түркиядан алдыруға тура келді. Тапсырыс жаңа жылға дейін жасалған, соған қарамастан нақты жеткізетін уақыты мамыр айының ортасына тура келді. Бұл жобаның қазіргі кезеңін кешіктіретінін білдік, алайда жобаның беріктігі мен сенімділігі үшін бұл қадамға саналы түрде баруға тура келді,– деді Ринат Зілмұхамедов.
Аталған мердігер ұйым барлық дайындық шараларын аяқтағаннан кейін ғана көлді сумен тотыруды бастайды. Су толтыру процесі де кезеңдерге бөлініп жүзеге асырылады. Су толтыру жұмысы Төле би даңғылы бойындағы шандорда орналасқан гидромеханикалық қақпалар арқылы жүзеге асырылады.
«2 маусымда су толтыруды бастаймыз. Бастапқы кезеңде 50 пайыз көлемінде су толтырылады. Сол арқылы судың ағыны мен көлемін және жүйелердің жұмысын бақылап көреміз. Барлығы ойдағыдай болса ары қарай толық толтыру кезеңіне өтеміз», – деп түсіндірді Ринат Зілмұхамедов.
Жобаның соңғы кезеңінде медігер ұйым атқаратын жағажай аймағының қауіпсіздігін тексеру, суару жүйесін толық ретке келтіру, ұсақ ақауларды жою және ландшафтты жұмыстарды толық аяқтау сынды қосымша міндеттері бар.
Қайта жаңғыртылған Сайран көлі барлық қажетті сынақтар мен су толтыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін қала тұрғындарының игілігіне берілетін болады.