AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сайрамда өрт ішінен Мемлекеттік Туды алып шыққан ж...

Сайрамда өрт ішінен Мемлекеттік Туды алып шыққан жігіт төсбелгімен марапатталды

Әлеумет 20.07.2022, 13:05 1,270
Сайрамда өрт ішінен Мемлекеттік Туды алып шыққан жігіт төсбелгімен марапатталды
Сурет: Inform.kz

Түркістанда бейбіт күннің батырлары «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Төсбелгі таққандардың ішінде батырлықтың нағыз үлгісін көрсеткен азаматтар бар. Солардың бірі - күні кеше ғана ерлігінің арқасында елге танылған Қансейіт Мұхаммед. Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Ақсукент ауылында орналасқан әрі өзі жұмыс істейтін ғимаратта болған өрт кезінде шатыр үстіндегі Мемлекеттік Туды оттан алып шықты.


Ал Жетісай аудандық полиция бөлімі миграция бөлімшесінің басшысы Аян Хайруллаев өзіне төнген қауіпке қарамай, бейтаныс кейуананы өрттің ортасынан құтқарып қалды. Кентау қаласы, №12 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Нұрғали Керімбеков су құбырына құлап кеткен 2 жастағы баланы алып шықты. Қазығұрт ауданының тұрғыны Мейірбек Рысбек әжетханаға түсіп кеткен 1 жастағы баланы құтқарып, елдің ықыласына бөленді. Ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтіндігін айтқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетті. Батыл азаматтар өңір басшысының ілтипатына ризашылық білдіріп, қоғамның дамуына қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #Жетісай #төсбелгі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);