AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Сайлау сайын түлектердің кездесу орнына айналған у...

Сайлау сайын түлектердің кездесу орнына айналған учаске

Сайлау-2023 19.03.2023, 16:10 1,047 Almaty-akshamy.kz. 
Сайлау сайын түлектердің кездесу орнына айналған учаске
Сурет: Сайлау 2023

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған мектеп сайлау күні түлектері үшін тартымды орынға айналды.


Алматыда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған бұрынғы №25 мектепте сайлау учаскесі бар, ол соңғы қоңыраудан кейін ондаған жыл өткен соң сайлау сайын түлектердің кездесу орнына айналды,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған № 25 Алматы мектебінің аумағы бір күнде адамдар дауыс беретін  ғана емес, ескі достар кездесетін тартымды орынға айналды. Күтпеген кездесулердің қуанышты сәті мерекелік хуалды жандандыра түсті. Мектептің бұрынғы түлектері соңғы қоңыраудан кейін ондаған жылдар өтсе де кезекті сайлауларда бір-бірін көре алады.




«Біздің учаскеміз шағын, бірақ барынша тартымды. Оның басты ерекшелігі-мектептердің бұрынғы  түлектері  балаларымен осында келіп, ескі таныстарын, сыныптастарын қарсы алады. Бұл өте әсерлі сәттер», - дейді №91 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ғазиза Аманбай. 



Бұл учаскеде барлығы 1897 сайлаушы тіркелген, олар таңертең белсенділік көрсетті.  



«Біз өз учаскемізде қызық жайттарды байқадық. Мысалы, таңғы уақытта көбінесе ер адамдар келді. Енді түске қарай әйелдер, сондай-ақ бірнеше ұрпағы бар отбасылар келуде. Әсіресе биылғы жылы жастар өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде білдіруде, бұл әрине, қуанышты жайт», - деп атап өтті Ғазиза Аманбай.




Жаңа ғана келген сайлаушылардың бірі, жас ұрпақтың өкілі алматылық Мәди Асаубаев бізбен сөйлесуге келісті. Ол жастар өздерінің сайлау құқығын белсенді пайдаланатынына сенімді. 



«Жаңа ұрпақ өз тағдырын шешетін адам екенін түсінгенін қалаймын. Біз осы мемлекетте тұрамыз. Біз өз таңдауымыздың нәтижелерін көреміз», - деп атап өтті жігіт.




Ал сайлау учаскесіне жас балалармен келген жас ата-аналар Әйгерім мен Ринат Шаяхметовтер болашақ үшін дауыс бердік дейді. 



«Біздің қызымыз 3,5 жаста, ал ұлымыз 7 айлық. Біз сайлауға қатысу маңызды екенін түсінеміз, өйткені дәл қазір біз балаларымыздың болашағының жарқын болғанын қалаймыз. Сондықтан біз  бүгініміз бен ертеңгі болашағымыз үшін өз таңдауымызды жасадық», - дейді ерлі-зайыптылар.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #жүздесу орны #келешек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);