ffin.kz

Сайлау: ОСК Жигули Дайрабаевтың талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады

Сайлау: ОСК Жигули Дайрабаевтың талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады Сурет: Inform.kz

«Ауыл» ХДПП


Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ҚР президенттігіне ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаевтың талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Ж.Дайрабаевтың сәйкестігі туралы ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасаған.



«Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевқа қатысты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.
Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституциялық және «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңы талаптарына сәйкес келеді.
Ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметке сай, Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 67 жыл бойы тұрады», - деді Асылбек Смағұлов.



Сондай-ақ ол лингвистика комиссиясы кеше аталған үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы қорытынды шығарғанын еске салды.
«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған мәліметке сай, Ж.Дайрабаевтың мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 7 жыл.
ҚР Әділет министрлігі ұсынған мәліметке сай, ҚР президенттігіне кандидат ұсынған «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар», - деді ОСК мүшесі.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
Қол жинауды кандидаттың сенім білдірілген адамдары жүзеге асырады. Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді аумақтық сайлау комиссиялары ортсайлаукомның 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысымен бекітілген Нұсқаулық негізінде жүзеге асыратын болады.
Кеше Орталық сайлау комиссиясы халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің ҚР президенттігіне кандидат ретінде сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдаған болатын.
Сондай-ақ кеше «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке ұсынылған Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды.
Ал «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04