ffin.kz

Сайлау-2022: Кандидаттарды қолдау штабының жұмысы жалғасып жатыр

Сайлау-2022: Кандидаттарды қолдау штабының жұмысы жалғасып жатыр Сурет: Ашық дереккөзі

18 қарашаға дейін кандидаттар өз штабымен бірлесе отырып, халықпен кездеседі


Президенттікке ұсынылған 6 кандидат пен олардың қолдаушы штабтары өңірлерді аралуда. Әр кездесуде тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына жауап беру, үміткерлердің сайлауалды бағдарламасын таныстыру сынды жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қолдау штабы Алматы облысына барды. Өтеген батыр кентіндегі медицина қызметкерлерімен кездесуде үміткердің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаты талқыланды.



«Еліміз үшін тағдыр шешуші кезінде біз дұрыс таңдау жасауымыз керек деп, дұрыс ел басқаратын адамды сайлауымыз керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы мүшесі Азат Перуашев.



Ал үміткер Мейрам Қажыкен Абай облысына сапарында кәсіподақ өкілдерімен жолықты. Семейдегі үгіт-насихат жұмыстары кезінде медициналық университетке барған кандидат резидент дәрігерлермен және профессорлармен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.



«Халық көп жылдардан бері біз жеке өңір болайық, облыс болайық деп аңсаған екен. Жетті. Белсенді. Болашағы бар», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен.



Ақтөбе облысына барған Президенттікке кандидат Қарақат Әбден аймақтағы іскер әйелдермен кездесті. Сайлауалды тұғырнамасының негізгі басымдықтарына тоқталып өтті. Одан бөлек, бизнес өкілдерінің пікір алмасып, олардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.



«100 процент сол жұмысқа берілсе, жақсы көрсе, таза адал жасаса, барлық есіктер ашық деп ойлаймын», – деді кәсіпкер Гүлжазира Ешнияз



Кандидат Жигули Дайрабаев Павлодар облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын Екібастұз қаласынан бастады. Ардагерлер кеңесіне ат басын бұрып өңірдің чемпионымен шахмат ойнады. Содан кейін халық базарына барып, азық-түлік бағасымен танысты.



«Ешқандай делдалсыз шаруалар тікелей осы нарыққа келіп тапсырады. Бір шетінен баға халыққа қолжетімді. Екінші жағынан шаруаларға мүмкіндік», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Ж. Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы басшысының орынбасары Анас Баққожаев.



Президенттікке оппозициялық партия атынан ұсынылған кандидат Нұрлан Әуесбаев Шымкентке сапарында қалалық қолдау штабының жұмысымен танысты. Жақтастарымен кездесу кезінде пікір алмасып, үгіт-насихат жұмыстары бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспарын пысықтады.



«Олар өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы барлық мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы атқарылатын жұмыстар туралы біршама келісімге келдік», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев.



Түркістан облысына барған кандидат Салтанат Тұрсынбекова «Шапағат» мотивация орталығына барып, ем алып жатқан адамдармен жүздесті. Кейін Кентаудағы трансформатор зауытына ат басын бұрып, ондағы мамандардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.



«Мәселелерді қозғадық. Өндіріс орнын көрсеттік. Енді экспортқа негізделген мекеме болғаннан кейін проблемасыз болмайды. Соларды айттық», – деді кәсіпорынның басқарма төрағасы Бауыржан Құдайбергенов.



Үміткерлер және олардың жақтастары үгіт-насихат жұмыстарын «Тыныштық» күніне дейін өткізеді. Оған дейін өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, сайлауалды бағдарламасын таныстыра береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05