конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу нәтиж...

Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу нәтижесінде сүт бағасы өспейді

Әлеумет 07.09.2021, 09:14 976
Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу нәтижесінде сүт бағасы өспейді
Сурет: Kopilkaurokov.ru

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары арнайы түсіндірме жасады.


Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары таңбалаудың енгізілуіне байланысты сүт бағасы өседі деген ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, бірқатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары таңбалаудың енгізілуіне байланысты сүт бағасының қымбаттауы туралы хабарлама жариялаған. Авторлар сүттің бастапқы құны 29%-ға, ал соңғы тұтынушы үшін 40-50%-ға дейін қымбаттағанын айтқан. Бағаның өсуі тауарларды таңбалау шығындары есебінен болады деп жазылған.


Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта Бірыңғай оператор сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба жүргізіп жатқанын хабарлайды. 



«Пилоттық алаңды еліміздің 4 өңірінде әртүрлі өндіріс көлемі бар 7 сүт өңдеу кәсіпорны ұсынған.Барлық процестер «Атамекен» ҰКП мен салалық қоғамдық бірлестіктердің тікелей қатысуымен ведомствоаралық деңгейде жүзеге асырылады. Реттеушілік әсерді талдауды келісуге және барлық қажетті нормативтік құжаттарды қоғамдық талқылауға бизнес өкілдері де қатысуда. Пилоттық жобаны жүргізу кезінде әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен құқықтық салдарлары ескерілетін болады. Осыған байланысты, пилоттық жоба аяқталғанға дейін сүт өнімдері бағасының қымбаттауы туралы тұжырымдамалар мерзімінен бұрын жасалған деп санаймыз», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сүт #Қазақстан #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар жаңартылған конституцияның күшіне енуін қолдайды

Бүгін 11:29

Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстанның қазіргі замандағы сын-қатерге берген жауабы»

Бүгін 11:27

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);