Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада ж...

Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада жолдамасына ие болды

Спорт 10.11.2023, 12:15 1,467
Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада жолдамасына ие болды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Таиланд астанасы Бангкокта садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.


Сары құрлық біріншілігіндегі олимпиадалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Бангкоктағы бәсекеде ұлттық құрама сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түсті. Жарыстың бас жүлдесін Оңтүстік Корея спортшылары иеленсе, қола медаль индонезиялықтарға бұйырды. Ұлттық құрама финалға жетер жолда Жапония, Үндістан және Қытайдың Тайбэй құрамасынан басым түсті.


«Жақында ғана садақ ату федерациясының өкілдерімен кездескен едім. Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсеткеніне қарамастан, ұлттық құрама спортшылары жолдама жолындағы жарыстың бірінші мүмкіндігінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Ханчжоудағы осы жылдың басты додасынан кейін команда өкілдері қысқа мерзімде қателіктермен жұмыс істеп, Парижге жолдама жеңіп алып отыр. Енді спортшылар Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту керек», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Қазақстан былтыр Олимпия ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылған соң, жолдамаға иелік еткен алғашқы ел атанды. Себебі, құрлық чемпионы атанған Оңтүстік Корея спортшылары бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындарында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді. Айта кетейік, қазақстандық мергендер 1996 жылдан бері төрт жылдықтың басты бәсекесінен сырт қалған емес. Ал 2021 жылғы Токио Олимпиадасында ерлер құрамасы толық құрамда бақ сынады. Сондай-ақ Азия біріншілігінің құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеу сайысында Ұлттық құрама спортшысы Андрей Тютюн алтыннан алқа тақты. Одан кейінгі тұғыр сатысына Джун Хо Ким (Оңтүстік Корея) мен Абхишек Вермадан (Үндістан) көтерілді. Осы бағдарламада Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан кейінгі нәтижені көрсетіп, күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті Үндістан түйіндеді. Өкінішке қарай, садақ атудың блок садақ бағдарламасы Олимпиада бағдарламасына енбеген. Осылайша, Таиландта өткен биылғы сары құрлық чемпионатын ұлттық құрама спортшылары 3 жүлдемен қорытындылады.    

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #олимпиада #Садақ ату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика