AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сәбилер түсті сайысқа...

Сәбилер түсті сайысқа...

Әлеумет 01.06.2023, 15:02 1,070
Сәбилер түсті сайысқа...
inform.kz

Ақтөбе қаласында еңбектейтін сәбилер байқауы өтті. Сынға барлығы 70 бала қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Балалар күні Ақтөбе облысының барлық ауданы мен орталығында мәдени-спорттық шара өтіп жатыр.


Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта еңбектеуден жарыс өтіп, қоларба шеруі болды. Сонымен бірге балалар үшаяқты велосипед айдап, жарысты.



«Біз былтыр еңбектеуден ұйымдастырылған жарысқа қатысқымыз келді. Бірақ ай-күніміз кіші болды. Ал биыл 1 жасқа толып, бақ сынадық. Толқу болды. Бала көпшілік арасында жүрген соң шаршап та қалады. Алайда бәрі көңілді, қызықты. Ұту, жеңіске жету емес, осындай сынға қатысу маңызды деп ойлаймын», - деді қала тұрғыны Юлия Волкова.



Сонымен бірге қалалық жас натуралистер стансасы аң-құсты көрмеге шығарды. Онда лақ, қоян, тіпті қыран, көгершін, ұлу бар.



«70 жылдық тарихы бар стансасы экологиялық, биологиялық бағытта жұмыс істейді. Көрмеге жануардың 15 түрін әкелдік. Балалар уақытын тиімді өткізу үшін үйірмеге қатысады. Онда жануарларды зерттейді, бақылайды. Қолымен тамақтандырады. Бізде канадалық қасқыр да, тасбақа да бар», - деді қалалық жас натуралистер стансасы директорының орынбасары Дидара Кенжеғарина.



Саябақта ұйымдастырылған қоларбалар шеруіне 70, велосипедпен жүруге 70 бала қатысты. Ақтөбеліктер қағаз, түрлі мата мен қағаздан балалар арбасын сәндеген. Бірі трлі ертегілерге сүйенсе, кейбірі ұлттық нақышта көркемдеді.



«Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі күнге деген үміті. Бұл мереке ата-аналар үшін де, мемлекет үшін де үлкен маңызға ие. Ақтөбе облысында 200 мыңнан астам бала бар. Сіздер лайықты тәрбие алсын, ұлттық тамырынан ажырамасын, заманға бейім болсын, бос уақытын пайдалы өткізсін, қажетті ем-домын еш кедергісіз алсын, арман-қиялының шындыққа айналарына сенсін деген мақсатпен өңірде қаншама ауқымды шаралар атқарылып жатыр, болашақта да жалғасын таба бермек. Өңір басшысы ретінде мен, әрдайым балаларға арналған жобаларға қолдау көрсетіп, армандарыңыздың орындалуына жағдай жасап келемін. Менің сіздерге артар үмітім зор және ертеңгі күні облысымыз бен мемлекетіміздің атын шығаратын, елге танытатын азаматтар боласыздар деп сенім білдіремін»,- деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #балалар #Сайыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика