AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Жолдау – 2026: Ұлттық ұланда цифрлық кері байланыс...

Жолдау – 2026: Ұлттық ұланда цифрлық кері байланыс жаңа деңгейге көтерілуде

Жолдау Бүгін 10:44 52
Жолдау – 2026: Ұлттық ұланда цифрлық кері байланыс жаңа деңгейге көтерілуде
Ұлттық ұлан

Жүйені пайдалану тәртібі қарапайым, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жолдауында цифрлық трансформацияға ерекше назар аударылды. Осы бағытта ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметті жетілдіру және жеке құрам мен қолбасшылық арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында отандық цифрлық шешімдерді енгізіп келеді. Осындай жобалардың бірі – ULAN SENIM жүйесі Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімінде сынақтан өткізіліп жатыр.

Жоба қазақстандық Aitu мессенджері негізінде әзірленген. Әскери қызметші QR-кодты сканерлеу арқылы қосымшаға өтіп, қолбасшылыққа анонимді түрде өтініш жолдай алады.

Жүйені пайдалану тәртібі қарапайым. Әскери қызметші өтініш санатын таңдап, мәселенің мән-жайын жазады да, қосымша арқылы жолдайды. Жүйеге түскен өтінішке бірегей нөмір беріліп, тиісті шаралар қабылдау үшін қолбасшыға жіберіледі. Әр өтінішті қарауға үш күн уақыт беріледі. Өтініштер әскери қызметтің түрлі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық пен лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың алдын алу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, материалдық қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау, қызметтік мәселелер мен моральдық-психологиялық ахуал. Сондай-ақ жүйе арқылы жеке құрам арасындағы келіспеушіліктер туралы хабарлауға немесе қызметті ұйымдастыруды жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге болады.

Мәселен, ұландық күн тәртібіне өзгеріс енгізуді, демалыс күндерін ұйымдастыруды жақсартуды немесе сарбаздар асханасының мәзірін жаңартуды ұсына алады. Осылайша жүйе жеке құрамның пікірін ескеріп, әскери ұжымдардың күнделікті тыныс-тіршілігінде туындайтын мәселелерге дер кезінде назар аударады.

ULAN SENIM жүйесінде анонимді өтініш жолдау, санатын таңдау, өтініштің мәртебесін бақылау және бұрын жіберілген өтініштердің тарихын көру бөлімдері қарастырылған. Ал қолбасшылық құрам үшін келіп түскен өтініштердің қаралуы мен орындалуын бақылауға мүмкіндік беретін жеке кабинет бар.

Мұндай тетікті енгізу "Заң мен тәртіп" қағидатына сай келеді. Өтінішті анонимді түрде жолдау, әрбір өтінішті тіркеу және оны қарау мерзімін бақылау ашықтық пен жауапкершілікті арттырып, сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта ULAN SENIM жүйесі 6654 әскери бөлімінде сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл кезеңде платформаның функционалдық мүмкіндіктері тексеріліп, өтініштерді жолдау, тіркеу және қарау, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау тетіктері пысықталуда. Жүйені пайдалану барысында анықталған кемшіліктер түзетіліп, оны Ұлттық ұланның барлық әскери бөліміне енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталды: тұрғындар 10 түпке дейін ағаш көшетін тегін ала алады

Бүгін 11:51

Ұлытауда жабайы қабанның іздері байқалды

Бүгін 11:07

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Боралдай шағынауданында жаңа сквер көркейтілді

Бүгін 10:54

Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 10:05

Өңірлерде жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашылды

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);