AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталды: тұрғындар...

Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталды: тұрғындар 10 түпке дейін ағаш көшетін тегін ала алады

Алматы Бүгін 11:51 66
Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталды: тұрғындар 10 түпке дейін ағаш көшетін тегін ала алады
Алматы әкімдігі

2 қарашадан бастап Алматы тұрғындары «Жасыл аула» акциясы аясында 10 түпке дейін жапырақты ағаш көшетін тегін алуға өтінім бере алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көшеттер көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын және басқа да қоғамдық аумақтарды көгалдандыруға арналған. Бұл туралы Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады.

Акцияға қатысушылар егілген ағаштарға үш жыл бойы күтім жасау міндеттемесін алуға тиіс.

Өтінім 2026 жылы 2-15 қараша аралығында zhasyl.aula2026@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Акцияға қатысу үшін өтінімде аты-жөнін, байланыс деректерін, ағаш егілетін жердің нақты мекенжайын және қажетті көшеттер санын көрсету қажет. Сондай-ақ мамандар отырғызу орнын бағалай алуы үшін таңдалған аумақтың бірнеше фотосуретін, мүмкіндігінше панорамалық түсірілімдерін қоса тіркеу керек. Фотосуреті жоқ өтінім қаралмайды.

Көшеттерді тарату 21-22 қараша күндері Тәжібаев көшесі, 155а мекенжайында жоспарланған.

Ағаштарды отырғызғаннан кейін қатысушылар егілген көшеттер туралы фотоесеп жолдауы қажет.

Акция жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарындағы үйлердің тұрғындарына, сондай-ақ заңды тұлғаларға арналмаған.

Қосымша ақпаратты Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының Жасыл қорды мониторингтеу және басқару бөлімінен +7 747 181 06 47 телефоны арқылы алуға болады (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 13:00

Ұлытауда жабайы қабанның іздері байқалды

Бүгін 11:07

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Боралдай шағынауданында жаңа сквер көркейтілді

Бүгін 10:54

Жолдау – 2026: Ұлттық ұланда цифрлық кері байланыс жаңа деңгейге көтерілуде

Бүгін 10:44

Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);