AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Сәби» қоры Steppe&World баспа үйімен бірлесіп «Сә...

«Сәби» қоры Steppe&World баспа үйімен бірлесіп «Сәби оқулары» жобасын бастады

Білім және ғылым 18.09.2023, 12:20 1,680
«Сәби» қоры Steppe&World баспа үйімен бірлесіп «Сәби оқулары» жобасын бастады
Сурет: ашық дереккөз

19-кыркүйекте Алматыда «Сәби оқулары» жобасы аясында алғашқы кітап сөресі табысталады.


Бұл жобаға «Сәби» қоры тамаша кітап сөресін жасатып берсе, ал Steppe&World баспа үйі 800-ден астам кітапты тегін беріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Сәби оқулары» жобасының негізгі мақсаты - жастар, әсіресе әлеуметтік осал топтағы балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Алдағы уақытта бұл жоба қазақ тіліндегі балалар әдебиетін халыққа кеңінен таныту, ілгерілету бағытында жұмыс істейді.


Балаларды кітап әлемімен таныстырып, әлемдік бестселлер кітаптарды қазақша оқуға құлшынысын арттырмақ ниетпен Steppe&World баспа үйі хоспис мекемелері мен балалар үйлеріне өз кітаптарын сыйлайды. Steppe&World баспа үйі - әлемдегі ең керемет шығармаларды қазақшаға аудару мақсатында жұмыс істеп жатқан танымал баспа. Баспа үйі шығарған кітаптардың 80%-дан астамы - балалар әдебиеті. Бүгінге дейін көптеген кітапты, оның ішінде әйгілі шығарма - «Хәрри Поттерді» қазақшаға аударды.


«Сәби оқулары» жобасына кез келген кәсіпкер үлес қоса алады. Ол үшін төмендегі нөмірге хабарласуға болады. Steppe&World баспа үйі жоғарыда аталған мекемелерге апаратын кітаптар пакетін әзірлеп береді.


Өтетін күні: 13:00, 19-қыркүйек
Өтетін орны: Луганский көшесі, 95-үй SOS Сһіldren's Village Аlmaty


Байланыс телефоны: 87002463530

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #оқу #сөре #жоба #аударма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);