Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шыға алмады Cурет: Sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 27-ракеткасы, канадалық, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі Лейла Фернандеспен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл Е.Рыбакинаның денсаулығына байланысты Париж Олимпиадасында қатысудан бас тартқаннан кейінгі алғашқы ойыны еді.

Матч брейк алмасумен басталды. Есеп 4:3 болған мезетте брейк жасаған Рыбакина сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.

Екінші сетте тай-брейкте Фернандес сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:3 болған мезетте Фернандес брейк жасап кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Екі сағат 35 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Рыбакина 20 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Канадалық спортшы 5 эйс, 6 брейкпен (17 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Л.Фернандес ширек финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен таласады.

Е.Рыбакина өткен жылы да Цинциннатида үшінші айналымнан аса алмаған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21