AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Рустам Қайриев: Бұл бізге жаңа леп әкеледі

Рустам Қайриев: Бұл бізге жаңа леп әкеледі

Әлеумет 02.03.2022, 07:21 1,879
Рустам Қайриев: Бұл бізге жаңа леп әкеледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Билік партиясының атын өзгертумен бірге оның халық алдындағы жауапкершілігі де арта түсті.


Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайриев билік партиясының атын «Аманат» деп өзгерту туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту туралы ұсынысын қолдады.



«Қалаған нәтижеге сенімді түрде қарау – мақсатқа жетудің жарты жолы. Біз құрылыс барысына әлі де әсер ете алатын, бірақ жаңа тынысты талап ететін барлық нәрсені жаңғырту арқылы Жаңа Қазақстан құрылысына қарай аяңдап келеміз. Ал жаңғырудың келесі кезеңі бұдан былай «Аманат» деп аталатын Nur Otan партиясы болды. Айтайын дегенім, бұл атауда терең мағына жатыр. Бірақ бұл жай ғана атауды өзгерту емес, есіктердегі барлық тақтайшаларды ауыстыру, бұл жаңа дәуірдің басталуы, жұмыстың жаңа принциптерін енгізу, бұл дұрыс шешімдер қабылдайтын батыл буын екеніне сенеміз, өйткені уақыт әрекетті талап етеді және өзіміз көріп отырғандай әрекет басталды», - деді Рустам Қайриев.



Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдайтынын атап өтті.



«Біз бюрократия мен қолжетімділіктің түйісуінің куәсі болып отырмыз, мұнда екіншісі біріншіні алмастырады, осылайша Жаңа Қазақстан сөз жүзінде ғана емес, шынайы өмірде де әрбір қазақстандыққа тиесілі болады. Ол үшін Мемлекет басшысы ХХІІ партия съезі барысында неге баса назар аудару керектігін атап өтті. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұл қадам алдына популизммен айналысу емес, әлеуметтік өрлеудің шынайы жұмысын міндет етіп қойған партияның қайта құрылуының «мақұлдануы» болды. Мен Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдаймын, басқаша ойлай алатын, таптаурын жолмен жүргісі келмейтін қабілетті жас кадрларға бизнеспен айналысуға мүмкіндік берілмей келді. Бұл жаңа уақыт, ал Жаңа Қазақстан жасампаз экономиканы қалыптастыруға қабілетті. Оның артықшылығы неде? Бұл ең аз шығынмен максималды әсерге жету мүмкіндігі. Бұл жай ғана емес, мысалы, Forbes тізімінде 30 жасқа дейінгілер отыздық тізімінде көш бастап тұр, онда шығармашылық шешімдері бар, классиктер жоқ. Жастар мәселесін тек осы ортада жүрген, өзінің жеке өмірін дұрыстауды ғана ойламай, қоршаған ортасын, өмір сүретін қоғамын өзгерткісі келетін, оның шынайы мәселелерінен хабардар жастар ғана шеше алады. Осындай жастарға есік ашатын кез келді», - деді ол.



Оның ойынша, біз жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек



«Партия төрағасы «қағазбастылыққа» қатысты жағдайды нақты атап өтті, бұл салада да майталмандардың жеткілікті екені белгілі болды. Бұл туралы қысқаша айтатын болсақ, шенеуніктердің уақыты өтті. Бірақ, көріп отырғанымыздай, іске жаңа кадрлар келді, жаңа тұлғалар пайда болды, олардың ынта-жігері, талапшылдығы қоғам игілігіне қызмет етеді, халқын, Президентін, оның алға қойған реформаларын жерге қаратпайды деп сенейік. Біз осы қоғамның мүшелері ретінде Жаңа Қазақстанды сіздермен бірге құруға дайынбыз. Міне, партия мүшелеріне үндеу тастайтын сәт те туындады, бұл бәрімізге берілген жаңа леп, сондықтан терең тыныс алып, жаңа жағдайда болса да, бұрынғыдай бейбітшілік, бірлік пен келісім деңгейіндегі жаңа өмірге қадам басайық», - деп қосты Рустам Қайриев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #Ассамблея #аманат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);