AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Румынияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 3...

Румынияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Тәуелсіздік-30 28.10.2021, 09:25 1,348
Румынияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
Сурет: 24.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл


Бейнеконференция форматында өткен іс-шараға көрнекті парламентшілер мен мемлекеттік органдардың басшылары, екі елдің ғылыми, іскерлік және академиялық топтарының өкілдері қатысты, деп  хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев өз сөзінде еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатын дамытудың негізгі бағыттарын және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі мемлекетіміздің жоғары белсенділігін, оның ішінде ЕҚЫҰ, БҰҰ ҚК, ИЫҰ және басқалардағы табысты төрағалығын, сондай-ақ оның ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалысқа қосқан қомақты үлесін атап өтті.


Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Бухарест кең ауқымды мәселелер бойынша өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді және түрлі салалардағы ынтымақтастықтың нақты жобаларын іске асыру үшін үнемі жұмыс істеуде. Өз кезегінде Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дан Некулаеску екі сыртқы саяси ведомство арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, оның ішінде өңірлік және жаһандық күн тәртібі бойынша тұрақты пікір алмасуды атап өтті.


Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз жаһандану және индустрияландыру дәуіріне сенімді қадам басқанын және барлық қазақстандықтардың бірлескен күш-жігерінің арқасында алға қойылған мақсаттарға сеніммен қадам басып келе жатқанын, сондай-ақ Мемлекет басшысы бастамашылық еткен, мемлекетіміздің маңызды демократиялық процестерін іске асыруға бағытталған реформаларды атап өтті. Ол Румыния саяси және сауда-экономикалық салаларда, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара тиімді әріптестік орнатқан Қазақстан үшін маңызды еуропалық әріптес болып табылатынын атап өтті.


Елші 2020 жылғы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Абай бюстінің және 2021 ж. қыркүйекте Бухаресттегі «Қазақстан» скверінің және Нұр-Сұлтанда румын әдебиетінің классигі Михай Эминеску бюстінің ашылуын мәдениет саласындағы екі елдің жақындасуының жарқын дәлелі деп атады.


Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына орай конференцияға қатысушыларға Румыния Сенатының Төрағасы және бұрынғы Президенті, екі мемлекеттің парламентаралық достық топтарының тең төрағалары – Ольга Перепечина, Кристиан Цыгырлаш, Әмірхан Рахымжанов, сондай-ақ Румыния Сенатының Сыртқы саясат комитетінің төрағасы Розалия Биро бейне үндеу жасады. Румыния Сенатының Төрағасы Анка Драгу Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Бухарест Нұр-Сұлтанның халықаралық аренадағы көптеген бастамаларын қолдайтынын және екі мемлекет арасында қалыптасқан кең ауқымды мәселелер бойынша сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті.


Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, барлық қазақстандықтарға табыс пен өркендеу тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #жетістік #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);