конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Рудныйда қара металлургияның даму барысы талқыланд...

Рудныйда қара металлургияның даму барысы талқыланды

Әлеумет 19.12.2024, 17:10 838 Bakyt
Рудныйда қара металлургияның даму барысы талқыланды
primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Рудный қаласында болып, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде (ССКӨБ) қара металлургияның дамуымен және Рудный ЖЭО-да жылыту маусымының барысымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Премьер-министрге ERG компаниясы мен ССКӨБ-тің ағымдағы көрсеткіштері мен даму жоспарлары баяндалды. ССКӨБ жылына 35 млн тонна кен, 9 млн тонна концентрат және 8 млн тонна түйіршік өндіреді. 2024 жылы Ресей мен Қытайға 371 млрд теңгеден астам сомаға 9 млн тонна өнім экспортталды.

ERG бас директоры Серік Шахажанов жылына 2 млн тонна ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін жаңа зауыт құрылысы туралы жобаны таныстырды. Инвестиция көлемі 500 млрд теңгені құрайтын бұл зауыт 1,1 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов ЫБТ зауытын салу индустрияны нығайтуға және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Зауытты қажетті газбен қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін магистралды газ құбырын салу жобасы мақұлданған.

ССКӨБ құрамындағы Рудный ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтардың жөндеу жұмыстары аяқталып, қажетті отын мен материалдар қоры дайындалған. Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін түтін құбырларындағы шығындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Берік Танжарықов облыстағы жылыту маусымының штаттық режимде өтіп жатқанын және жабдықтарды жаңғырту арқасында жылу желілерінің тозуы 57%-дан 45,7%-ға дейін төмендегенін хабарлады.

Олжас Бектенов өнеркәсіптік нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін коммуналдық инфрақұрылымды уақтылы жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Бұл аймақтағы тұрақты дамуға ықпал ететін негізгі фактор ретінде бағаланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #Қостанай #металлургия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);